Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Тұрғындарды аумақтық принциптер бойынша бөлу



бет44/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Тұрғындарды аумақтық принциптер бойынша бөлу

Қазақстан Республикасының әкімшіліктік-аумақтық жүйесі құрылымын бөлуге мына әкімшіліктік-аумақтық бірліктер кіреді: ауыл (село), кент, ауылдық (ауылдық) аумақ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Санаттылығы тұрғысынан алғанда республика өңірлері аумаққа және елді мекенге бөлінеді. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. (85-бап Конституция). Сонымен қатар Қазақстан Республикасында жергілікті өзін өзі басқару танылады, ол тұрғындардың жергілікті мәндегі мәселелерін өз еркімен шешеді. Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру ережесін заңмен анықталған шекте азаматтардың өздері анықтайды.
Аумақ – ол республиканың бір бөлігі, оған бірнеше елді мекен кіреді. Аумаққа облыс, айдан және ауылдық (ауыл) жатады ол рес­публикалық әкімшіліктік-аумақтық құрылымның негізгі бөлігі.
Елді мекен – ол республиканың тұрғындар бірігіп тұратын бөлігі, ол азаматтардың шаруашылықтық және басқа да қоғамдық қызмет барысында қалыптасқан. Адамдар саны 50-ден кем емес, олар заңнама ретімен есепке алынып тіркелген адамдар және оларды жергілікті уәкілетті және атқарушы орган басқарады. Елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді. Қалалық елді мекенге республикалық, об­лыстық және аудандық мәндегі елді мекендер жатады және ауылдық елді мекенге басқа да әкімшіліктік бағыныштылығына қарамастан басқа да елді мекендер жатады.

  1. Тұрғындарды өндірістік принциптері бойынша бөлу

Мемлекеттік басқару объектісі ретіндегі әлеуметтік жүйені сипаттаудың маңызды сипаты ол тұрғындарды өндірістік принциптері бойынша бөлу болып табылады. Бұл жерде еңбекті қоғамдық түрде ұйымдастырудағы мемлекеттік саясат туралы, қоғамның еңбек ресурсын пайдалану туралы айтып отырмыз. Мемлекет Қазақстан азаматтары үшін және республикада тұрақты түрде тұратын азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбек құқығын жүзеге асыру үшін (халықаралық нормаларды есепке ала отырып) құқықтық кепілдіктерді және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды кәсіби мүмкіндіктерді, қызмет түрін таңдау еркіндігін, және кәсіпті таңдау еркіндігін анықтайды.
Тұрғындарды өндірістік принцип бойынша бөлумен «жұмыспен қамту» түсінігі тығыз байланысты. Ресми трактовкаға сәйкес жұмыспен қамту ол азаматтардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты қызметі ол Конституцияға және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне қарсы келмейді және оларға еңбекақы немесе басқа да табыс әкеледі1.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруға, жұмыс күшін сала аралық және аумақ аралық қайта бөлуге мемлекеттің экономикалық саясаты тікелей әсер етеді.
Тұрғындарды өндірістік принциптері бойынша қайта бөлумен мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты да тікелей байланысты. Жаңа мемлекет құру жағдайында, қоғамды қоғамдық және экономикалық қайта құру жағдайында кәсіби білім алу жүйесінің жаңа кадрлық ұрпақ тәрбиелеу рөлі артады, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс конъюктурасын есепке ала отырып жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың рөлі артады. Экономиканың, әлеуметтік салаға және әкімшіліктік-саяси құрылыстың барлық саласына арналған білікті кадрларды жоспарлы түрде даярлау нарық сұраныстарына сәйкес, жұмыссыздарды қайта оқыту және барлық санаттағы жұмысшылардың біліктілігін үнемі арттырып отыру арқылы жүргізіледі— мемлекеттің және мемлекеттік саясаттың басымдықты жұмыстарының бір бағыты білім беру саласында және тұрғындарды жұмыспен қамту саласында болмақ.
Сонымен, тұрғындарды өндірістік принцип бойынша оның өндірістік-қызметтік табиғатына қарай бөлу. Мемлекет үшін ол объективті шындық болады, оны есепке алу еңбек ресурсын тиімді басқаруды көрсетеді, қоғамның материалдық базасын қалыптастыруды адамдардың материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыруды көрсетеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет