Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Азаматтарды біріктірудегі ұйымдастырушылық—құқықтық формалар



бет43/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
Азаматтарды біріктірудегі ұйымдастырушылық—құқықтық формалар

Адамның әлеуметтік негізі сипаты мен жұмыс нәтижесі жағынан әр түрде көрінеді.
Мемлекеттік басқару үшін басқарылушы нысанның әрбір класын, оның қызметін қатысуын ұйымдастыру маңызды болып табылады. Ол басқарылатын нысандардың құқық субъектілігі арқылы жүзеге асырылады, олардың құқықтарына кепілдік беру арқылы және міндеттеріне кепілдік беру арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар міндеттерді орындау үшін жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады. Осыдан шығатыны мынау, құқық нормасымен реттелген әр түрлі басқарушылық қатынастарға қатысу әрбір әлеуметтік объектінің қолынан келмейді тек мемлекеттік түрде ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық мәртебесіне ие нысан ғана.
Басқару нысаны ретінде кәсіпорын, мекеме, әр түрлі ұйымдар қоғамдық бірлестіктер болады. Аталған нысандардың құқық объектілігі оны мемлекеттік тіркеуден кейін басталады. Осы процедурадан кейін (тіркеу) басқару нысанының құқықтық мәртебесі көрінеді.
Кәсіпорын (мекеме, ұйым) ұйымдастырылған, заңды ерекшеленген азаматтар ұжымын көрсетеді, ол нақты бір өндірістік-шаруашылықтық (коммерциялық) қызмет жүргізеді қызмет барысында тиісті мате­риалдық-техникалық базаны (ғимарат, құрал, көлік және т.б.) қолданады. Жалпы азаматтық құқық пен міндеттен басқа осы ұжым мүшелерінің (жұмысшылар) арнайы құқықтары мен міндеттері болады, ол олардың өндірістік және басқа да қызметтерімен байланысты олар біліктілік сипаттары мен лауазымдық ережелері арқылы нұсқаулықтар арқылы көрсетілген. Кәсіпорынның (мекеме, ұйым) ішкі нақты бір құрылымы болады әрбір бөлімше өз міндетін қызметтерін атқарады. Кәсіпорынның (мекеменің. ұйымның) ұйымдастырушылық бірлігі құрылтай (жарғы, ереже және т.б.) құжаттарында құқықтық ресімделген.
Табыс алу негізгі мақсаты болып табылатын коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылықтық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив формасында ғана құрылады. Табыс алу мақсаты болып табылмайтын ұйымдар алынған табысты қатысушылар арасында бөлмейтін ұйымдар мекеме ретінде қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, аумақтық бірлестік және заңнамалық актіде қарастырылған басқа да формада құрылады'.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет