Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік басқарудағы субъект мен объектінің өзара қатынастары



бет46/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
6. Мемлекеттік басқарудағы субъект мен объектінің өзара қатынастары
Мемлекеттік басқару үшін тән болатыны мыналар бір жағынан әр звеноны ұйымдастыру (объект класы) басқару жүйесі, ал екінші жағынан басқарудағы субъекті мен объект арасындағы қатынастарды қалыптастыру. Соңғының өзара қатынасы тікелей және кері байланыс деп аталады.
Өзара байланыстың болуы — басқару жүйесінің атрибутивтік белгісі. Субъекті мен басқарылатын объект арасындағы нормативтік түрдегі реттелуі мемлекеттік басқару жүйесіне ұзақ мерзімдік тұрақтылық сипатын береді. Немесе керісінше осы байланыстардың әлсіреуі жүйенің тұтастығына алып келеді. Мемлекет тәжірибесі үшін аталған проблеманың принципиалдық мәні бар немесе орталық және жергілікті органдар арасындағы өзара бағыныштылықты қозғайды, ол орталық пен аумақтар арасындағы мемлекеттік басқару мен өзіндік басқару арасындағы өзара бағыныштылықтар. Экономика салаларын, әлеуметтік саланы және әкімшіліктік-саяси құрылысты мемлекеттік басқару тиімділігі биліктік атқару органдарының қатаң түрдегі вертикалдық бағыныштылығын көрсетеді.
Мемлекеттік басқару жүйесі субъекті мен (мемлекеттік аппарат) және басқарылатын объектілер арасындағы (азаматтар, ұжым және т.б.) тығыз байланысты көрсетеді.
Тікелей байланыс каналы арқылы қоғамдық процеске мемлекеттік әсер ету екі формада жүргізіледі — құқықтық және құқықтық емес. Құқықтық формаға мемлекеттік органдардың нақты бір заңдық салдары бар әсерлері жатады, олар нақты бір заңдық салдар туғызушы. Осы арқылы мемлекеттік органның уәкілеттілігінің мемлекеттік-билік сипаты көрінеді, олар нормативтік құқықтық актілер шығару арқылы көрінеді. Құқықтық емес форма ол мемлекет органы қызметінің әр түрлі формалары олар заңдық салдар туғызбайды.
Аталған каналдар бойынша жүретін ақпараттар кімге бағытталса соған міндетті болады. Басқарушылық ақпараттар мағынасы жағынан және сипаты жағынан тиісті мемлекеттік органға, қызметтік функцияларға лауазымдық тұлға уәкілеттігі құзыретіне жатады. Тікелей байланыстың ресми каналдары арқылы қоғамдық қатынастардың әр түрлі топтарына мемлекеттік әсер ету әдістері жүзеге асырылады.
Қоғамдық процестерге құқықтық емес әсер ету формалары туралы айтар болсақ олар әр түрлі әдістерді ұйымдастырушылық формаларды қамтиды, олар мемлекеттік органның қызметі мен уәкілеттілігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Құқықтық емес формалар ведомоства ішілік нысанға қатысты нақты бір ұйымдастырушылық әрекеттерді көрсетеді. Басқарушылық тәжірибеде ұйымдастырушылық әрекеттер нұсқаулықтау формасында (қол астындағы жұмысшылар), кеңейтілген отырыстар (мысалы, министрліктер алқасы), кеңестер өткізу (ведомоствалық бағынышты нысандар басшыларымен) семинар-кеңестер, ведомоствалық бағынышты ұйымға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек, жергілікті орындарда іс жағдайын тексеру түрінде болуы мүмкін.
Мемлекеттік басқарудағы жүйелілік сипатының маңызды сипаты ол кері байланыс болып табылады, оған басқару ақпараты қозғалысын жүзеге асырады объектіден субъектіге. Кері байланыс негізі ол «берілген жағдайдан қандайда бір ауытқу жаңа қозғалыстың туындау көзі болып табылады, ол аталған жағдайдағы жүйені қолдау үшін»
Кері байланыстың тәжірибелік жазықтығында мемлекеттік органдарға басқарушылық әсер туралы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді және ведомоствалық бағынышты ұйымның жағдайы туралы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар үшін басқару шешімдерінің нақты деңгейі туралы маңызды ақпарат ұсынылады, онда өзіне бағынышты ұйымдар туралы шынайы ақпарат алады. Басқару нысандарын толық білу олардың мүмкіндіктерін білу мүдделерін білу басқарушылық әсерлерінің тиімді нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік береді немесе керісінше шынайы ақпараттың болмауы немесе ақпараттың жеткіліксіз болуы мемлекеттік органның жұмысын тиімді түрде ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік басқару субъектілеріне арналған маңызды ақпараттарды бірі ол азаматтардың ұсыныстары, өтініштері, шағымдары мен тілектері болып табылады. Өздерінің құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, сонымен қатар басқа да тұлғалардың заңды және жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында, азаматтар тиісті мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаларға өтініштер жазады. Ол үшін заңнама арқылы азаматтардың өтініштерін қарау процедуралары, формалары мен мерзімі анықталған және осындай өтініштер бойынша шешім қабылдау ережелері анықталған 1.
Мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына қатысты азаматтар өздерінің көзқарастарын көрсететін мемлекеттік және қоғамдық тәжірибеде (өтініш беру түрі) кең тарады, сонымен қатар қоғамдық мәні бар оқуға өзінің көзқарасын көрсететін тәсіл кең тарады. Азаматтардың өздерін қызықтыратын мәселелер туралы жеке немесе қоғамдық сипаттағы ақпарат алудағы қажеттілігі тиісті мемлекеттік органға сұрату беру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орган жүйесіндегі кері байланыс каналдарының маңызды рөлі (мемлекеттік басқару субъектілері). Мемлекет дегеніміз, күрделі көп компонентті, иерархиялық түрде құрылған басқару жүйесі, ол тиімді ішкі жүйенің болуына кіріптар. Осы жағдайдағы кері байланыс каналдары нормативтік түрде мемлекеттік орган үшін анықталған мақсаттардан, міндеттер мен қызметтен ауытқуға мүмкіндік береді, оның қызметінің Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына сәйкестігін сәйкестік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кері байланыс мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушылық және сот жүйесі тармақтарына бөлінуі барысында объективті түрде қажет.
Басқару практикасында мемлекет аппараты ішіндегі кері байланыс жоғары органның төменгі орган шешімдерін орындауы, есеп беруді орындауды бақылау түрінде көрінеді, қызметтік байланыс каналдары арқылы ағымдағы есептерді алу жалпы алғанда мемлекеттік органдар жұмысын бағалау арқылы көрінеді (барлық қызмет бағыттары бойынша). Кері байланыс құқықтық формада (міндетті статистикалық және басқа да есеп беру, бақылау және қадағалау уәкілеттіктерін жүзеге асыру және т.б.) сонымен қатар құқықтық емес (әр түрлі ұйымдастырушылық шаралар, кеңестер, отырыстар және т.б.)
Сонымен мемлекеттік басқару жүйесінде субъектілер арасындағы тікелей және кері байланыс негізгі болып саналады (мемлекеттік органдар) және объекті арасындағы (қоғамдық жүйе). Осыларда қоғамдық процесті басқару мағынасы бар. Мемлекеттік аппарат ішіндегі өзара байланыс туралы атар болсақ, онда өз қызметтік міндеттері жағынан басқару субъектісін ішкі ұйымдастыру арқылы көрінеді, оның нақты реттелген жұмыстары арқылы көрінеді. Нормативтік анықталған байланыстар мемлекеттің барлық органдарына нақты бір сапалық жүйе ретінде нақты бір қоғамның дамуындағы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделушілік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет