Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Республика Президентiнiң жарлықтары



бет53/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

Республика Президентiнiң жарлықтары
1. Республика Президентiнiң жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң жарлықтарымен:
Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық өкiлеттiгi жүзеге асырылады;
мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт күшi болады.
Республика Президентiнiң өкiмдерi
Республика Президентiнiң өкiмдерi Конституцияның, заңдардың және Президент жарлықтарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң өкiмдерiмен:
әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге асырылады;
Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Қазақстан Республикасының Заң шығарушы билігі
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
ҚР Парламентінің қызметін жүзеге асыратын негізгі құжат 1995 ж. 16 қазандағы Қазақстан Республикасының. № 2529 «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы болып табылады.
Республика Парламентiнiң құрамы мен құрылымы
1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:
Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.
Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
Заңдарды қабылдау
Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылау және дауысқа салу үшiн берiледi. Сенат қайта қабылдамаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданды деп саналады. Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.
Осыдан кейін заңға ҚР Президенті қол қояды және БАҚ жарияланады. Заңдардан басқа Парламент өзі жүргізуге құзырлы қаулыларды қабылдайды.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет құрамы министрліктерден, агенттіктерден және Премьер-министр кеңсесінен тұрады. Үкімет құрамына Үкімет мүшелері – Республика Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрліктер және республикадағы басқа да лауазымды тұлғалар кіреді.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Атқарушы биліктің барлығына ортақ қызметі – мемлекеттік саясат жүргізу басқаруды жүзеге асыру және өзіне анықталған сала әрекетін координациялау.
Үкімет Конституцияны, заңдар мен Президент актісін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін нормативтік және жеке қаулылар шығарады. Үкіметтің қаулысына республика Премьер-министрі қол қояды.
Республика Премьер-министрі әкімшіліктік-өкімдік мәселелер, оперативтік және жеке сипатта өкімдер шығарады.
Өз құзыреті шегінде қабылданған Үкімет Қаулылары мен республика Премьер-министрінің өкімдері республиканың барлық аумағына міндетті күшке ие. Үкімет Қаулысын Президент және республика Үкіметі жоюы мүмкін. Премьер-министрдің Өкімін Президент, Үкімет және республика Премьер-министрі жояды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Сот органдары мыналар болып табылады: ҚР Жоғары соты, сонымен қатар төменгі соттар. Қазақстандық сот өндірісінің ерекшелігі жеке бөлік – Төрелік процестің жоқтығы. Экономикалық даулар оның субъектісіне қарамастан азаматтық сот өндірісі аясында шешіледі. Соттар, қарастырып отырған істер бойынша сот шешімдерін, үкімдерін, анықтамаларын, қаулылары мен бұйрықтарын қабылдайды. ҚР сот актілері құқықтық норма құрмайды.
ҚР Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беріп отырады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 6 наурыз 1997 ж. N 3: “ 4-бап 1 тармағы нормасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады”.
ҚР Конституциялық Кеңесі ерекше мәнге ие. Оның уәкілеттілігі ҚР Конституциясының 72 бабында анықталған.

1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:


1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.
2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.
Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.
Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Классикалық Конституциялық соттан ҚР Конституциялық кеңесінің айырмашылығы Конституциялық Кеңестің қорытынды шешіміне толығымен немесе оның бір бөлігіне Республика Президентінің қарсылығы енгізілуі мүмкін, олар:
- Президент шешім мәтінін алған күннен бастап он күн аралығынан кешіктірілмей енгізіледі;
- Конституциялық Кеңестің жалпы мүшелер санының үштен екі дауысымен қабылданады.
Республика Президентінің қарсылығын анықтамау барысында Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбаған болып саналады және конституциялық өндіріс тоқтатылады. Сонымен, ол өз бетінше және тәуелсіз түрде сот өндірісін жүзе асырушы конституциялық бақылаудың сот органы болып табылмайды, демек сот билігі органы болып табылмайды.
Бүгінгі күні қолданылып отырған мемлекеттік билік Республикадағы барлық өмір сүру салаларының тиімді қызметін қамтамасыз етеді және оны бақылайды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет