Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет51/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

Заңдылық қағидаты. Аталған қағидат Конституцияны, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарын, жарлықтарын барлық мемлекеттік қызметшілердің атқарып отырған лауазым деңгейіне қарамастан тікелей толық орындауына негізделген. Ол лауазымды тұлғаның басқарушылық қызметі сипатымен түсіндіріледі. Онда мемлекеттік басқарудың республика аумағында бірлігі нормативтік құқықтық актілердің біріне бірі қарсы келе алмауымен қамтамасыз етіледі. Басқарудың әрбір актісі жоғары орган актісіне сәйкес келуі керек, соңында ол Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес болуы керек. Аталған қағидат мемлекеттік басқарудың әлеуметтік -саяси негізін көрсетеді. Мемлекеттік билік қоғамдағы негізі, құрылымы мен қызметі жағынан жалғыз.
Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы қағидаты.Бұл мемлекеттік басқарудағы және мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы жалпы қағидат. Ол азамат пен мемлекет арасындағы маңызды ресми бағыт болып табылады. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Қарастырылып отырған қағидат азаматтардың мемлекет алдында, оның органдары алдында азаматтардың құқықтары мен бостандығын және заңды мүддесін қарауға қатысты басымдықта екенін нақтылайды.
Жалпы қолжетімділік қағидаты, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясының (33б. 4 т сәйкес) Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді. Ол мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда да жалпы қағидат болып саналады. Қазіргі уақытты мемлекеттік қызметке кіретін тұлғалардың жас ерекшеліктік шектеулері алынып тасталды; азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру еріктері. Аталған қағидатқа сәйкес мемлекеттік қызмет лауазымына үміткерлі таңдау қатаң түрде еріктілік негізімен жүзеге асырылуы керек.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен құзыреттілігі қағидаты. Аталған қағидат негізі басшылық кадрларды атқарып отырған лауазымына сәйкес оларға жүктелген істі орындау тұрғысынан бағалаудың іскери критерийлері алынуы керек. Басқару қызметтерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметкерлер құзыретті болуы керек, мемлекеттік аппарат құрылымын білетін және оның қызмет ету механизмдерін білуі керек, мемлекеттік басқару саласында және қызметте ұйымдастыруда нақты бір ғылыми көзқарасы болуы керек. Осыған байланысты жалпы сипатты анықтаушы маңызды жағдайлар — еңбек саласына қарамастан барлығына қолданылады, оның ішінде мемлекеттік қызметте тұрған тұлғаларға да қолданылады.
Жоғары органдар мен жоғары лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдерін бағынышты мемлекеттік қызметкерлердің және төменгі мемлекеттік органы қызметкерлерінің өз құзыреті шегінде орындаудағы міндеттілік қағидаты. Аталған қағидат мемлекеттік органдардың «көлденеңдік бойынша» бағыныштылығы жүйесін көрсетеді, ол экономика, әлеуметтік сала мен әкімшіліктік-саяси құрылыс салаларын басқаруды орталықтандыру қажеттілігін көрсетеді, мемлекеттік аппараттың барлық жүйесін бір тұтасқа біріктіреді. Жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалар арасындағы шешімдер төменгі органдар мен төменгі лауазымдар үшін міндетті болып саналады. Сонымен мемлекеттік аппарат қызметінде жалпы мемлекеттік мүддені есепке алу қамтамасыз етіледі;
Мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi қағидаты. Аталған қағидат өзара бағынышты ұйымдардың әрекеттері барысындағы ұйымдастырушылық бағыныштылық, мемлекеттік тәртіпке негізделген (мысалы, министрлік, агенттік жүйесі ішінде және т.б.). Әрбір мемлекеттік қызметкердің кәсіби қызметі жоғары органның және жоғары лауазымды тұлғаның тікелей бақылауымен жүзеге асады. Мысалы, Үкімет ел Президентін өз бағдарламаларын орындау туралы, Президент тапсырмаларын орындау туралы және басқа да өз қызмет бағыттары туралы тұрақты түрде ақпараттандырып отырады; Үкімет министрліктер қызметін және басқа да орталықтандырылған атқару органдары қызметіне басшылық жасайды, олардың заңды, республика Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын бақылайды;
Қоғамдық көзқарасты және ашықтықты есепке алу қағидаты, мемлекеттік құпия болып табылатын және заңмен қорғалатын басқа да қызметті атамағанда аталған қағидат мемлекеттік басқарудағы де­мократизмді көрсетеді, ол азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуындағы маңызды каналдарын нақтылады. Қарастырылып отырған қағидат қоғамдық көзқарасты және ашықтықты міндетті түрде есепке алуды көрсетеді, сонымен қатар (мемлекеттік органдарға қатысты сыни ескертулер және басқа да лауазымдық тұлғаларға қатысты бұқаралық ақпараттық құралдардағы ескертулер, мемлекеттік орган басшыларының өз қызметі туралы сөйлеген сөздері және т.б.);
Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалу қағидаты. Аталған қағидатқа сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге бірінші кезекте жалпы конституциялық кепілдіктер және әлеуметтік қорғалу қамтамасыз етіледі. Оғын мыналар жатады: еңбегі үшін сыйақы алу құқығы, демалу құқығы, қауіпсіз жұмыс жағдайына құқықтары, қандайда бір кемсітушіліксіз әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қорғалудағы арнайы нормалар қолданылады.
Мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу қағидаты. Аталған қағидат мемлекеттік аппараттағы мемлекеттік тәртіп механизмін көрсетеді. Көтермелеу секілді қуатты тұғыр басқару жұмысындағы өндірістілікті арттырады, мемлекетті орган ұжымының жұмысын ұйымдастыруға ықпал етеді мемлекеттік қызметкердің өзін ұстауда жоғары үлгі көрсетуіне жол ашады.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы қағидаты. Аталған қағидат лауазымды тұлғаның атқарушылық тәртібіне ерекше талаптар қояды, ал кең түрде айтар болсақ — ол мемлекеттік тәртіптің маңызды бір бөлігі болып табылады. Сондықтан аталған қағидат мемлекеттік қызметкердің өз лауазымдық міндетін орындамағаны үшін немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жеке жауапкершілігін қарастырады (тәртіптік, әкімшіліктік қылмыстық және т.б.) сонымен қатар оның өз лауазымдық міндетін асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілігін қарастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтік қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттерінен қорғайды;
Мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттырудағы үзіліссіз болуы қағидаты. Осы бағытта мемлекеттік қызметшілерді оқытуда Концепция қабылданған, онда оқыту мақсаттары мен міндеттері айтылған, оқыту жүйесі мен принциптері туралы, оқыту формалары, оқыту құралдары мен мемлекеттік қызметкерлерді оқыту процесін ресурстық қамтамасыз ету туралы айтылған. Концепцияны жүзеге асыру тиімді түрде мемлекеттік басқаруды арттыруда міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, қабылданған шешім сапасын қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді
Барлық аталған қағидаттар өзара байланысты бірін бірі толықтырады және мемлекеттік қызмет институты құрылған және қызмет етіп отырған негізгі талаптардың бірегей жүйесін құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет