Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Алайда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарутуралы» жаңа Заң



бет57/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Алайда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарутуралы» жаңа Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Парламент республикалық көлемдегі мәселелерге көп көңіл бөледі. Алайда заң шығарушы орган ретінде ол мәслихаттар жағдайын өзгертуге және оның уәкілеттігін кеңейтуге нақты ықпал ете алар еді. Осыған байланысты аталған ереже заңнамалық бекітуді талап етеді. Ол бірнеше әлеуметтік-экономикалық, саяси және идеологиялық сипаттағы себептермен көрінеді. Атап айтқанда ол экономиканың дамуындағы объективтік мәселелер олар қызмет координациясын жетілдіру қажеттілігін, орындауды бақылауды, құқықтық реттеуді, басқаруды ұйымдастырушылық құрылымдарды; орталық пен жергілікті органдар, салалық және аумақтық басқару құзыреттерін қайта бөлуді көрсетеді.
Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган; басқарудың барлық деңгейлерінде құрылатын жергілікті Кеңеске қарағанда мәслихаттар тек облыстарда, ауданда және облыстық және республикалық мәндегі қалаларда және елордада құрылады. Ауылда, поселкеде, ауылды жерде мәслихат құрылмайды.
Мәслихатта вертикалды бағыныштылық желісінің болмауы оның уәкілеттілігінің бір-бірінен алшақтығын көрсетпейді. Қазақстандағы әкімшіліктік-аумақтық бөлудің өзі бір аумақтық бірлік құрамында басқа аумақтық бірлікті құрайды. Облыстар аудандардан, қалалардан тұрады, ал аудандар — ауыл (ауылдық) аймақтан тұрады. Сондықтан облыстық мәслихаттар өз саясатын жеке құрылымдар арқылы ғана жүргізбейді және оған бағынбайтын атқарушы органдар арқылы ғана жүргізбейді, сонымен қатар аудандық және қалалық өкілді орган арқылы жүзеге асырады. Мәслихаттың өз құзыреті шегінде қабылданған шешімдері және азаматтар құқықтары мен еркіндіктеріне және міндеттеріне қатысты шешімдері анықталған заңнамалық ретпен жариялауға жатады және тиісті аумақта орындауға міндетті болып саналады.
Алайда, заң шығарушы мынаны атап көрсетіп отыр, шешім мәслихат құзыреті шегінде қабылдануы керек. Демек, жоғары мәслихат төменгі орган құзыретіне араласуға құқылы емес. Тіпті соңғының қабылданған заңсыз шешімі вертикалды ретпен оны жоюды тудырмайды.
Мына сұрақ туындап отыр, жергілікті өкілді орган өз қызметі барысында қаншалықты автономды болып табылады. Олардың уәкілеттілік шеңбері бүгінгі күні өте тарылған. Оның негізгі қызметі жергілікті бюджетті, жоспарды және аумақты дамыту бағдарламаларын қабылдау болып табылады және оны орындауды бақылау болып табылады.
Табыстау облыстық мәслихаттың осындай сұрақтарды шешу бойынша өз уәкілеттігін аудандық және қалалық өкілдікте осы уәкілеттілік болса да беру. Біздің мемлекетіміздің орталықтандырылған сипатын есепке ала отырып мәслихаттың Парламентпен қатынастары айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр.
Бірінші кезекте Парламент мәслихаттар өкілді орган болып табылады. Егер де соңғы "жергілікті өкілдік орган" қатарына жатқызылса да бірінші ол Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы. Парламенттің төменгі Палатасы — Мәжіліс, олар жалпы және тең әрі тікелей сайлау арқылы құрылады [4].
Сонымен қатар Конституцияның 50 б. 2 тармағына сәйкес Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Сонымен әрбір облыстың мәслихат депутаттары Парламент сенаторын сайлау бойынша сайлау алқасын құрайды. Сенат депутаттарын аталған сайла принципі (Президент сайлаған жеті депутатты атамағанда, аталған Палата аумақтар мүддесін көрсетуші болып табылмайды деп болжайды.
Парламенттің заң шығарудағы аумақтық мүддесін есепке алу туралы мына фактіден көруге болады, Сенат аумақтық даму және жергілікті өзіндік басқару мәселесі бойынша тұрақты комитет құрылған.
Алайда мәслихаттың Парламенттің заң шығару қызметіне қатысуы біздің пайымдауымызша жанама түрде немесе қандайда бір облыстан сайланған Сенат депутаттары арқылы жүргізіледі. Дегенмен әлемдік тәжірибеге келетін болсақ бірнеше біртұтас мемлекеттерде аумақтық бірліктердің жоғарыға сайланған органы заң шығару бастамасы құқығындағы субъекті, референдум өткізу бастамашысы болып табылады және т.б.
Әдебиетте облыстық мәслихатқа заң шығару құқығын берудің мақсаттылығы туралы айтылғанын айтып өту керек. Осы жерде нақты бір алаңдаушылықтар туындап отыр. Жергілікті өкілдік органға осындай құқық беру заң шығару бастама жасаушы субъектілерінің артуына алып келеді. Қоғамдық бірлестіктер де, саулаушылар топтары, әр түрлі мемлекеттік органдар да осындай құқық беруді талап етуі мүмкін. Сонымен, осының барлығы Парламентке заң жобалары ағыла бастайды, тіпті олар сапалы да болмауы мүмкін. Тіпті Үкіметтің өзі қолында кадрлық, қаржылық ресурстар материалы көп бола тұрса да көбіне өте «шикі» заң жобаларын ұсынады. Ал осындай әлеуеті жоқ басқа субъектілер туралы не айтуға болады?
Сонымен қатар, заң жобасын шығару құқығына Парламент депутаттары да ие. Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай олар осы құқықты мүлдем пайдаланбайды. Сондықтан осы каналды заң шығару бастамасына белсенді түрде пайдалануға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет