) және жуан та (
ﻂ
) әріптері тек жуан дауысты сөздерде ғана таңбаланған.
2. Әр баспаның өзіне тән жазу жүйесі болған. Мысалы, бір
баспада көбінесе че (
ﭺ
) қолданылса, екіншісінде керісінше,
шин (
ﺵ
) таңбаланады. Кей баспада қысаңдар еріндікпен
таңбаланса, кейбірінде керісінше жүйелі түрде жазуда
таңбаланбай отырған (соңғысы жиі кездеседі).
3. Қадим жазу дәстүрі бойынша дауысты дыбыстардың
алды-нан қойылатын үнсіз алиф пен дыбыстық мәні бар
маддалы алиф жүйелі түрде сақталып отырады. Бұл араб
жазуымен шыққан барлық кітаптарға тән белгі.
4. Араб-парсы сөздері жазуда түп тұлғасын сақтаумен қатар
қазақ тілінде икемделген фонетикалық нұсқасы арқылы да бері-
ле бастаған.
5. г және ң дыбыстарының таңбасы араб әліпбиінде жоқ
болғандықтан да болар, көбінесе ң дыбысы жүйелі түрде
түркілік ңе арқылы, г дыбысы жүйелі түрде парсының ге таңбаларыарқылы беріліп отырған
6. Түркілік ве таңбасы жүйелі түрде у дыбысын таңбалаған.
1-тапсырма Төмендегі сөздерді қадим және жәдид жазу үлгісімен
таңбалаңыз: дәрігер,хазірет,мүйіз,болыс,халық,көңіл,ба-