і, бірде j белгісімен, <ғ>-ны қ таңбасымен, [дж] дыбыс тіркесін
– n әрпімен және <л> фонемасын латын графикасындағы l-мен
берілуі болып табылады.
Б.Әбілқасымов архив деректері Н.И.Ильминский мен
В.В.Радловтың қазақ тіліне икемдеп жасаған әліпбилері Ресей
университеті оқымыстылары тарапынан қолдау көрмегенін, орыс
алфавиті өзгертусіз қолдануы керек деген ұсыныстар басым
болғанын көрсетті дейді. Оған мына дәлелдер келтірілген дейді
автор: 1) тілдің барлық оттенкісін бере алатын дүние жүзінде бір
де бір жетілген алфавит жоқ, бірақ одан тілге келген қиындық
байқалмайды; 2) араб әліппесі түркі халықтарының дыбыстық
құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейін
пайдаланып келді; 3) европа тілдері үшін пайдалануға толық
икемді орыс әліппесі араб алфавитіне қарағанда, осы күйінде де
қазақ тіліне әбден жарайды.
Бірақ В.В.Радловтың Қазан университеті жанындағы архео-
логия, тарих этнография қоғамының мәжілісінде жасаған баян-
дамасынан кейін орыс алфавитін сол қалпында түркі жұртының
жазуына қолдануға болмайды деген пікір қалыптасқанын
көреміз.