Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері. Латын
графикасын қабылдайтын түркі тілдеріне ортақ емле ережелері де
осы жиында қабылданды. Олар төмендегідей болды:
- орыс графикасының әріптерін алмау,
- бірдей дыбыстарға әріп алмау,
- диакритикалық таңба алмау,
- созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу,
- қосар әріп алмау,
- жіңішке дауыстыға таңба алмау,
- морфологиялық принципті ярпақ-япрақ, торпақ-топрақ
деген сияқты сөздердің әдеби вариантын табу үшін пайдалану,
-
дұрыс айту нормасын қалыптастыру,
-
кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру (орыстар буын жа-
зуы бойынша игерген еді, енді айтылуы бойынша игереді),
- кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі айтылуы бойынша алу (вол-
кан, вулкан емес, маскерад),
-
кірме сөздерді үндесім заңына бағындыру,
- кірме сөздер үшін әріп алмау (мысалы, орыс тілінде ғ, һ, ө, ь
болмағандықтан Неіnе – Гейне, Ньgо – Гюго болып жазылады),
-
халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту:
вакансия – ваканс, пианино – пианин, фортепиано – фортепи-
ан,
-
кірме сөздерде о әрпі тұрса, [о] дыбысы етіп айту.
Достарыңызбен бөлісу: |