Н.Төреқұловтың әліпбиінде 28 әріп, бір дәйекше болды: а
<а>, е <е>, і <ы>, <і>, о <о>, <ө>, u <ұ>, <ү>, р <п>, в <б>, m
<м>, f <ф>, w <у>, t <т>, р <ғ>, d <д>, s <с>, z <з>, c <ш>, j
<ж>, n <н>, l <л>, r <р>, у <й>, k <к>, g <г>, q <қ>, х <х>, ћ
<ћ>, ŋ <ң>, ә <ә>, ‘
Әліпбиде <ф>, <х>, <ћ>, <қ>, <ғ>, <к>, <г> дыбыстарының
әрпі бар. Ал <ә> фонемасы басқа жұп дауыстылардан бөлек,
латын графикасында жоқ таңбамен белгіленеді, яғни 1926ж.
құрылтай қаулысына сәйкес емес ә, р, ŋ таңбаларын жасайды.
Н.Төреқұловтан кейін Х.Досмұхамедұлы латын графикасын
қолдамаса да, қызмет бабының ыңғайымен, саналы түрде жаңа
әліпбиге көшуді ұсынып, латын әлпбиінің жобасын құрады. Бірақ
науқан түрінде емес, қазір қолданып отырған әліпби мен емлені
жетілдіріп, жаңа графикаға біртіндеп өтуді ойластырады.
“Қолданбасақ та латын харіфтерін біз де тілімізге үйлестіріп көру
керек. Тез арада, әсіресе әкімшілік әдіспен көшіру мәдениет ісі
үшін залалды ћәм саяси тұрғыдан да байыпты емес” дейді.
Х.Досмұхамедұлы әліпбиінде 14 әріп латын алфавитіне
сәйкес алынады да, апостроф (’) пен дәйекше ауыстырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |