Қысаң езуліктердің емлесі туралы: - сөз аяғындағы ы, і езуліктері қосымша жалғағанда
түсірілсе, түбірде де жазбау (Т.Шонанұлы);
- қысаң езуліктерді мүлде таңбаламау: млтқтң (Байділдин,
Әлібаев; // қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру
(Е.Д.Поливанов).
Позициялық алмасуды таңбалау туралы:
- емледе ілгерінді ықпалды ғана белгілеу (Т.Шонанұлы);
- түбір мен қосымша аралығында п-б, қ-ғ, к-г, п-у өзгерісін
белгілеу (Т.Шонанұлы);
- аталған позициядағы н-м, н-ң өзгерісін жазуда белгілемеу
(Т.Шонанұлы).
Бірге/бөлек таңбалауға байланысты:
- қосымшаларды бірге жазу, ал жартылай қосымшаларды
бөлек жазу: “тілдің еркін дамуы үшін түбір мен жартылай
қосымшаның бірге жазылмауын назарға алуымыз керек”;
- тілтұтынушы санасында бөлек сөз болып табылмайтын
күрделі сөздерді бірге жазу (Т.Шонанұлы);
- бейүндес біріккен сөздерді дефиспен жазу (Алибаев);