Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-семинар. 1929 жылғы Қызылордада өткен ғылыми



Pdf көрінісі
бет177/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   287
12-семинар. 1929 жылғы Қызылордада өткен ғылыми 
орфографиялық конференция материалдары
Сөйтіп, жаңа жазудың графикасы мен орфографиясы және емле
принциптерін айқындау және қазақ тілі емле ережесін талқылау,
қабылдау үшін 1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада
ғылыми   орфографиялық   конференция   шақырылады.
Конференцияға   Е.Омаров,   Юдахин,   Т.Шонанұлы,   Вундцетель,
Байділдин, Қ.Кемеңгерұлы, Әлібаев, Байманов,
Тоқтыбаев, Е.Д.Поливанов, Қ.Жұбанов қатынасады.
236
237


Қазақ орфографиясына қатысты бұл алғашқы ғылыми кон-
ференцияда мынадай негізгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар
айтылды.
Емле принципі туралы:
- Емле   фонетикалық   принципке   негізделеді.   Фонетикалық
принцип былай түсіндіріледі: “Наш фонетический принцип
– не принцип фонетической академической транскрипции. Мы
понимаем под словам фонетическиим принципом пере-дачу без
искажения   смысла   слова,   звуков   нашей   речи”.   Яғни
фонетикалық   принцип   сөз   мағынасын   айыратын   фонеманы
ғана таңбалайды дегенге саяды. Және морфологиялық принцип
те   фонематикалық   негізде   түсіндірілді.   “Но   и   там,   где   мы
применя-ем   морфологический   принцип,   под   этот   принцип
подводим   фо-нетическое   объяснение,   ибо   по   нашим
наблюдением  нет такого пункта  в нашем  правописании  и  не
должно быть такого место в нашем языке, которой возможно
было бы объяснить фонетичес-ки” (Т.Шонанұлы).
- қазақ   тілінде   диалект   болмағандықтан   морфологиялық
принциптің   қажеті   жоқ   (Т.Шонанұлы,   К.Юдахин,   Е.Омаров);
түбірді фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен
жазуды тіл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-
20 жылдан кейін енгізу (Е.Омаров);
- шет   сөзін   түпнұсқа   принципімен   жазып,   өз   тіліміздің
дыбыстық   құндағында   (Н.Уәлиұлының   термині)   оқу
(Е.Омаров);
құрлы,   қой,   қана  сөздерін   морфологиялық   принциппен
жазу (Е.Омаров), (К.Кемеңгеров);
-шы жұрнақтарын (барсайшы) түбірмен бірге жазу (К.
Кемеңгеров);
ғана, ғой, ма, көрі шылауларын фонетикалық принциппен
жазу (Е.Омаров);
-барлық   түркі   тілдерінде   палатал   үндесім   жетекші,
сондықтан емлеге осы үндесімді негіз ету (Т.Шонанұлы) деген
пікірлер болды.
Ал ерін үндестігі туралы мынадай қарама-қарсы пікірлер
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
-   ерін   үндесімі   бұдан   50-60   жыл   бұрын   күшті   болса
(В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Әлібаев) //
ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ,
сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-де
ІІ   буынға   дейін   сақталуы   тиіс   және   солай   жазылуы   қажет
(К.Кемеңгерұлы).
- ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (Е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы
буынындағы   еріндікті   алдыңғы   буынға   шығарып   жазу
(висмут-вұспит) (Т.Шонанұлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет