Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет213/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   287
х  әрпін  х  арқылы   жазу;  миуа,  қиуа  сөздерін  миюа,  қиюа  деп
орфограммалау; күрделі сын есімдерді бірге таңбалау; орыс
сөзін русь деп алу (Ә.Ермеков);
ойөріс, атүсті, атсалысты,
аяқкиім,   жемшөп  т.б.  сөздерді   бірге   жазу  (Ә.Ермеков);  орыс
тілінен   енген   сөздерді   бірыңғай   түпнұсқа   принципімен   жазу
(А.Ысқақов).
Жеке   дыбыс   таңбаларынан   пікірдің   көбі  и   әрпінің   емлесіне
қатысты айтылған. 1956ж. Тіл және әдебиет институты әзірлеген
орфографияның   жаңа   жобасын   талқылауға   шақырылған   жина-
лыста   М.Балақаевтың   қосарлы  ый,  ій  таңбаларының   орнына  и
әрпін   жазуды   ұсынған   пікіріне   С.Аманжолов   қарсы   шығып,
“Балақаевтың қазақ тіліне шабуыл жасауы” деп санаған.
И  дыбысы  ки  дегенде бір әріппен,  қи  дегенде екі әріппен
(қый) жазылды. Барлық позицияда да и әрпінің қабылдануына
сол   жылдары   оқу-педагогика   баспасының   редакторы   болып
қызмет еткен Р.Сыздықованың сөйлеген сөзі үлкен себеп болды
дейді,   газет   тілшілері.   Сөйтіп,   біресе  ый  (қыйын),   біресе  и
(иық,  ғылми),  енді   бірде   екі   варианты   да   қатар   қолданылып
жүрген  (қағида//қағыйда)   және   жіңішке   буында  и-мен,   жуан
буында  ый-мен   берілген  и  әрпінің   емлесі   бір   ізге   түсіріле
бастайды.   Десек   те,  йы,  йі-ге   біткен   сөздерге   көсемшенің  й
жұрнағы қосылғанда,  йый  орнына бір ғана  и  таңбасын жазу:
ұйиды, байиды  ұиды, баиды, и-ды қосар таңбасымен қалдыру
сияқты екі жақты пікір-лер болды.
Ы, і әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кезде-
седі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында
таңбаланғанда, сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбау:
жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау.
Ал  ә,  ұ,  ү  әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер тек
бірінші буында жазылады дегеннен соң сірә, күнә, бұлбұл сөздерін
ескертуге шығармай (Т.Жанұзақов, Ғ.Сұлтанғалиев, Б.Нұрғазина),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет