Латын әліпбиіне көшу жайлы алғашқы пікір акад.
Ә.Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы “Ана тілі” га-зетінде
жарияланған “Латын әліпбиінің болашағы зор” атты мақаласынан
бастау алды. Ғалым қазақ жазуының жедел түрде орыс
графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: “Түркия елінің
ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу “Жаңа түсінік” га-зетіне
(09.08.1991) былай деп жазады: “Кеңес үкіметі 1927 жылы КСРО-
дағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын
алфавитімен ауыстырды. Бірақ Түркияда да 1928ж. латын
алфавиті түрік жазуы болып қабылданғандықтан кеңес бас-
шылары Анатолия түріктері мен Кеңес Одағындағы түркітілдес
халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп,
1939-1940жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің
бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды”. Сол себеп-ті
ғалым ендігі әліпби ауыстыру саясаттың араласуынсыз еркін
таңдауда болатынын және ол “ұлтаралық, халықаралық, жал-
пы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары”, әрі “тілдік фактілер-
ді” дәл таңбалаудың үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық
фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы
болу керектігін пайымдайды.