Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет220/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   287
дүниежүзілік аренаға шығу үшін, халықтың компьютерлік са-
уатын арттыру үшін, техникалық прогреске ілесу үшін қажет де-
ген көзқарас басым болды. Мысалы, Н.А. Айтқожин: “Ендігі жазу
алдыңғы   қатарлы   технология,   күрделі   баспахана   құрылғылары
әртүрлі   саладағы   жоғарғы   білікті   мамандардың   қатысуынсыз
шешіле   алмайды.   Компьютердің   стихиялы   түрде   таралып   кетуі,
ортақ стандарт шрифтің болмауы бұл мәселенің әлеуметтік-саяси
мәні бар екенін байқатады, компьютердің басқыш-тетігі минутына
600-1000   таңбаға   дейін   салуға   арналған,   неге   біз   оны
пайдаланбаймыз”   деді.   “Ни   один   из   тюркоязычных   алфавитов,
основанных на кириллице не попал в перечень алфавитов, кото-
рое   поддерживаются   программным   обеспечением   современных
компьютеров”   деді   тағы   да   автор   (Айтхожин   Н.А.   Вопросы   ре-
формы казахского алфавита // Саясат. 1998. № 12).
Ал А. Мереке электронды пошта, пейджинг саласында қазақ
әріптерінің   жоқтығынан   небір   сорақы   сөздер   жазылады.   Қазақ
мәтіні үшін арнайы драйвер алып жүру керек. Интернетте Web-бет
құру   үшін,   пейджермен   хабарласуға,   электронды   сөздік,
электронды тілмаш жасау үшін, сөзді автоматты түрде тасымал-
дау  үшін,   орфографиясын   жасау  үшін   латын   жазуы   керек   деді
(Мереке А. Латиница объединит тюрков // Новое поколение
26.11.99).
А. Шәріпбаев қазақ  әліпбиі  компьютердің  басқыш-тетігіндегі
ағылшын әліпбиіне сәйкес болу керек, одан өзгертудің еш негізі
жоқ;   осы   стандарт   сақталынса   ғана   қазақ   тілінің   құрылымдық
жүйесін саралауға, компьютерлік өңдеудің ыңғайлы жүйесін
жасауға   кез   келген   графикадағы   мәтінді   оқып,   оны   басқа
графикаға көшіруге болады деді. Сонда компьютерлендіру де-
геніміз   орфографиялық,   терминологиялық,   фразеологиялық
сөздік   жасау,   қазақ   тілінің   грамматикасын   автоматты   түрде
оқыта   алатын   және   қазақ   тілін   басқа   тілге   және   кері   аудара
алатын про-грамма жасау болып табылады деді (Шәріпбаев А.
Латынсыз, компьютерсіз көзіміз ашылмайды // ЕҚ. 27.12.00).
Енді   бір   топ   әліпби   ауыстырудың   қажеттілігі  қазақ   тілін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет