ы, і, о, ө, ұ, ү, е), 19дауыссыз (т, д, н, п, б, м, с, ш, з, ж, л, ң, р, к, қ) бар.Бұлардың13-і (a, b, d, e, l, m, n, o, p, r, s, t, z) ағылшын-
латын әліпби құрамына сәйкес келеді.
Ф, в, х, ч, щ, ц, h дыбыстарына әріп арнала А? Жалпы, әліпби ауыстыру мәселесі бір жағынан, жазудың тілге
тигізетін әсері болғандықтан, орыс тілі билігінен қашу
мақсатында көтерілгені белгілі. Ендеше қазақ тілі дыбыстық
құрамына тән емес, бөгде тіл фонемаларын сол тілден ауысқан
термин сөздерді жазу, яғни емленің цитаталық принципі үшін ғана
әліпби құрамына алу дұрыс еместігі айқын. Алайда біз тілдің даму
диалектісін естен шығармауымыз керек сияқты. Тілдің ды-быс
жүйесінде ф, һ, в дыбыстары болмағанмен, тапса – таńса, сепсе – сеńсе, абай – абай, ебедейсіз – ебедейсіз сияқты сөздерді
айтқанда аһ ұрды, үһілеу тәрізді одағайларды дыбыстағанда пайда
болатын п, б, к фонемаларының [п], [б], [һ] – вариаци-ялары,
Файзолла, Фазыл, Сайфолла тәрізді кісі есімдеріндегі <ф> фонемасының саналы да,санасыз түрде де айтылуы тілдің
дыбыстық құрамында өзгеріс, даму жүріп жатқанынан хабар
береді. Тіл-тілдің дыбыс жүйесі өзгермейтін құбылыс емес. Кез
келген тілдің дыбыс жүйесінде дыбыс реңктерінің диффе-
ренциациясы, көрші тілдің, кірме сөздердің әсерінен болған
дыбыстық өзгерістер орын алады. Мысалы, орыс тіліндегі [а], [э]
дыбыстарынан сөз басталмайтын заңдылықты шет тілден ен-
ген анкета, аббат, абзац, атака, арба, ангел, эпоха, эра, этика, экзамен, эффект, этаж сияқты сөздер бұзып келеді.Сондай-
ақ, екі дауыстының қатар келуі де орыс тілі фонетикалық
жүйесіне қайшы. Бірақ қазір орыс тіліндегі поэт, ореол, аут, театр, вуаль, какао, радио, пунктуация сөздерінде екі дауыс-
ты қатар таңбалана береді. Және ге, ке, хе дыбыс тіркесімдері
де кірме сөздерде жазылып, айтыла береді : кедр, герой, схе-ма, агент, аскет.Сондай-ақ,орыс тіліндегі[ф]әрпі тек кірме
сөздерді таңбалау үшін қолданылады : форум, факт, фонарь, софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профиль. <һ>фо-
немасы бұрын бог, благо сөздерінің айтылымында болса, қазір
кірме сөздерде қолданылады. XVIIғ. Дейін орыс графикасында
да, тілінде де ч, щ, ц, х, э, дыбыстары болмағанын, тек 1760ж.
Кірме сөздерде айтылғаны үшін алынғанын ескерсек, кірме ды-
быс проблемасы “ұлы орыс тілінің” өзін де шарпымай
өтпегенін көреміз.
Қазіргі ақпараттар ағыны, жаңа технология тасқыны толаста-
майтын ғасырда тіл сөздердің жаңадан жасалуын күтіп отырмай-
ды, өмірге енген денотат, реалий сол түпнұсқа тілдің номинати-
втерімен атауды қажет етеді, тіпті талап етеді. Бүгінде ғылыми-
техникалық, әскери, қаржы, банк, спорт саласына қатысты лек-
сика халықаралық (ортақ) сипат алуға ұмтылып отыр. Ғылыми-
техникалық прогреске, өркениетке деген ұмтылыс тілде де бей-
несін таппай қоймайды. Ендеше өзге тілдің терминдік атауын
алуға тарихи прогрестің өзі итермелейді. Сондықтан бөтен тіл
элементтерінен қашу көп жағдайда дұрыс бола бермейді.
Аталған мәселеге байланысты пікірлер екіге бөлінеді : бірі
әліпбиге в, ф, ц, щ, ч дыбыстарына әріп арнамау бағытында.
Олар латын жазуына көшудегі бірден-бір ұтатынымыз кезінде
түпнұсқа принциппен жазу үшін орыс графикасынан алынған