Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет235/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   287
я, ю, л, ф, в, х, щ, ч, ь, ъ, ц  әріптерінен арыламыз,  әрі  у, и
әріптерінің дыбыстық құрамын нақты көрсететін боламыз дей-
ді : чапаев-сapaep, цех-ceh, вагон-bagon, факт-pakt (Фадли Әли.
Саяси тұрғыдан келейік // АТ. 14.05.92 ; Қондыбаев С. Қазақ
жазуының жағдаяттары жөнінде // Маңғыстау газы. 4.08.92 ; М.
Сапархан   Ақыметтің   ақ   жолы   адастырмайды   //   АТ.  7.09.00).
Алайда  ф,  в,  һ  дыбыстарымен   айтылатын   қазақ   тілінде   кісі
есім-дері   бар   екенін   дәйек   етіп,   тілде   бар   дыбысқа   әріп   те
болғаны   дұрыс   дейтін   пікірлер   бар   (Ғабдолкәрімов   С.   Жаңа
қазақ   әліпбиі   қабылдансын-ақ   //   ЕҚ.   03.11.2000).   Мұндағы
негізгі   уәж,   тілдің   даму   деңгейін   бағалау,   қазіргі   қазақ   тілі
айтылым үлгісіндегі өзгешеліктерді ескерту дегенге саяды.
Сөйтіп, авторлар орыс алфавитіне негізделген қазақ әліпбиін
латын графикасына транслитерация жасайды: латын әліпбиінде
бар әріптер өз мәнінде жұмсалады, ал <ч>, <ц>, <щ> дыбыс-
тарына диграф, триграфтарды, диакритикалық әріптерді пайда-
лануды ұсынады, бір ғалымдыр ағылшын графикасының басы
артық әріптерін пайдаланайық дейді. Мысалы, Сс (ш), Hh (ғ), f


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет