<с>-ның(атсыз,етсіз)вариациалары туралы да айтуға болады.
Сондай-ақ күнәларың, ләззаттандым деген сияқты бейүндес
буынды сөздерді айтқанда [күнәла’рың], [ләзәтта’ңғаммен] деп,
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады.
А.А.Реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация,
сигнификативті әлсіз позицияның нәтижесі вариант болады
(Реформатский А.А. 1970: 116), Л.В.Щерба фонема мен оның
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-тын
айырмашылықтарды байқауда ғана емес, сол тілдің дыбыс
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп тілдің фонемалық жүйесіне енуі мүмкін. Мысалы, қазақ
тіліндегі <ә> фонемасы күнә, кінә сияқты сөздерде, біздің
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы
буынның жіңішкелігінен), тілтұтынушы санасында <ә> жеке
фонема ретінде танылады. “Егер сөзде фонема ауысса онда сөз
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (Реформатский А.А.
1970: 56).