німінің әлді позициядағы басқа бір фонемамен сәйкес келуі. Ал
жалпы осы әлсіз позициядағы дыбыс түрленімдерінің қоры
– фонема модификациясы болып табылады. Мысалы,
ақ үй,
көк үй, ұзын, түнгі сөздеріндегі
<
қ>, <к>, <ы>, <н> фонема-
лары айтылым актісінде іргелес дыбыстардың әсерінен өзгеріп,
парадигмалық осьтегі <
ғ>, <г>, <ұ>, <ң> фонемаларына ұқсап,
соларға сәйкес айтылады: [
ағүй], [ұзұн], [түңгү]. Мұндай про-
цесті фонеманың бейтараптануы деп те атайды.
ғ, г, ұ, ң –
дыбыс-тары фонеманың өзі емес, <
қ>, <к>, <ы>, <н>
фонемаларының дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне,
бұларды басқа неғұрлым тәуелсіз позицияға қойып, көз
жеткізуге болады
: [ақ], [көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ].
Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір
дыбыс түрленіміне айналуы. “Вариация – бұл фонеманың негіз-гі
реңкінің, уақытша, тілдегі ешқандай негізгі дыбысқа ұқсамай,
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. Мысалы, Н.Уәли қазақ
тіліндегі жуысыңқы <
ш>, <с> aлдынан келген <
к>, <қ> өзінің
қатаң тоғысыңқы реңкінен ауытқып, босаң тоғысыңқы [
х]
дыбысына ұқсап айтылады дейді. Мұнда тілшікпен айтылатын [
х]
емес, жасалымы одан ілгері дыбыс реңкі шығады. Яғни бұл
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. Мысалы:
ақша, бақша,
шұқши, көкше, кексе т.б.
Сол сияқты
<
ш>-ның
(
атшы, сатшы),
Достарыңызбен бөлісу: