Жазу теориясы үшін фонема ауызша тілді жазба тілге және
керісінше айналдыратын фонологиялық елек (Н.Уәлиұлының
термині) қызметін атқарады. Жазудан ауызша тілге кодтағанда
әріп таңба болады да, фонема оның мағынасы болады. Ал
керісінше ауызша тілден жазуға көшкенде фонема – таңба бо-
лады да, әріп оның мағынасы болады. Фонема таңба деп алын-
са, яғни сөйлеу тілінің компоненті болса, онда екінші тіл жаз-ба
тілдің бар екендігі шығып, фонема сол тілдің компонентіне
сәйкес келеді деген М.Янакиев (Янакиев М. 1964: 62). Және
жазуға қатысты фонема – таңба болады, табиғи тілге қатысты
фонема – таңба болмайды дейді (Янакиев М. 1964: 61).
Біз қазақ тілі дыбыстық жүйесінің кіші бірлігі фонема деп
танимыз. Фонеманың қазақ сөзі мағынасын ажырататын сипа-
тына проф. З.Базарбаева ашық-қысаң дауыстылардың алмасуын
келтіреді:
тас-тес, қаз-қыз, саз-сыз. Ал
пыс-піс, тыс-тіс, ал-әл
дегендегі сөз мағынасы буын үндесімі арқылы ажыратылып тұр
дейді (Базарбаева З. 2004: 20-27). Бұл Фердинанд де Соссюрдің
фонеманы анықтауда жасалымнан гөрі айтылымға табан тіреген
жөн, дыбыстан гөрі дыбыстар тізбегін зерттеу маңызды, себебі
алғашында жеке фонема емес, дыбыстар тізбегі мағына ажырат-ты
дегеніне сәйкес (Соссюр Фердинанд де 1977: 75-86).
Қазақ тілінде бір фонема бір буын құрай алады, мысалы:
ө-те,
о-та, а-дал, е-діл. Бір фонема грамматикалық мағынаны жа-сай
алады:
ы тәуелдіктің үшінші жағын,
а, е, й көсемшені,
-р, -с
есімшені, -
а, -е барыс септігін береді. Қазақ тілінде бір дыбыс-тан
тұратын лексикалық мағыналы элементтер бар. Мысалы,
а
Достарыңызбен бөлісу: