Қазақ тіліндегі гиперфонемалар.Аталған фонемалардың
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар. Гиперфонема де-
геніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты.
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар.
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б.сөздерінде туады.
Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә оппозициясынан гөрі
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады,яғни< ә> фонемасының ста-
тусына күмән келтіретін көзқарастар бар. Мысалы, Қ.Жұбанов
қазақ тіліндегі а дауыстысының жіңішке варианты е фонемасы
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). В.В.Радлов ә дыбысын қазақ
тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов. 1984: 74).
Алайда қазіргі қазақ тілінде <ә> дыбысы 516 сөзде инициал
позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. Ал төмендегі дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды: б (87) сөзде г (1), д (74), ж (56), з (39), и (1), к (78), л (17), м (116), н (64), п (53), р (8), с (118), т (191), у (19), ф (1), ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады.
Сонда ІІ буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-сы
бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ
жазуындағы ІІ буындағы ә әрпі <а> фонемасының позициялық
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының
гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбиде фонемасының екі
әрпі бар (й,и). Мұндағы и әрпі қосар дыбысты таңбалайды.
Е.Омаров и әрпінің құрамында <ы> фонемасы бар екенін бы-
лай түсіндірген. Мысалға “біп-бійт деген сөзді бип-бит деп
айта алмаймыз ғой” (Омаров Е. 2012: 3). Ғалымдарды <и>-дың
дауысты үндесіміне бейтарап болғаны таң қалдырған (Исаева
84
85
Ж. 2003). фонемасының екі түрлі таңбаға ие болуы орыс
графикасының ықпалынан. Өйткені фонемасының орыс
жа-зуында да нақты әрпі жоқ, бір позицияда я,ю,е, бір
позицияда и әрпімен беріледі.
Қазақ жазуында фонемасының таңбалануында қайшы-
лық бар: бірінші тау, сау деген сөздерде дауыссызын бе-
реді, екінші су, ту дегенде [ұу], [үу] дыбыс тіркесін береді.
Сонда ашық езуліктерден кейін келгенде бір дыбысты, қысаң
еріндіктерден кейін келгенде қосар дыбысты таңбалайды. Ол
<ұ>, <ү>, <у> фонемаларының еріндік сипатынан шығады.
Және алдыңғы дауыстының жуан-жіңішкелігіне сәйкес [у], [у’]
ретін-де оқылады. Кезінде Григорьев Илминскийге жазған
хатында: “й, у әріптерінсіз қосар әріппен жазу мүлде дұрыс
емес, орыс та, қырғыз да Сіздің ай, ей, ій, оу, уу тіркестеріңізді
бір дыбыс етіп емес, екі дыбыс қылып оқиды, содан кейін қазақ
тілінің айтылы-мы бұзылады” (Григорьев А.А. 1993:169) деп,
бір әріппен қосар дыбысты таңбалағанды жөн санаған.
Біздіңше, соңғы функциядағы у әрпінен қазақ жазуы
қиындық көрген жоқ. Тек жазуды тілдің өзі деп оқытқан үрдіс
қазақ тілі фонемаларының санын, дауысты, дауыссыз
фонемаларының арасын айыру проблемасын тудырды.
Қазақ жазуында <п-б> гиперфонемасының пайда болуы араб
жазуынан басталды. Араб жазуында <п> фонемасы үшін әріп
болмады да, оны <п> жіңішке фонеманы беретін пар-сы
әліпбиінен алды. Сөйтіп, п әрпі жазуда <п> фонемасының
функциясында толық жұмсала алмады. Сондықтан бүгінде п/б дыбыстық вариант қатарларында мағыналық айырмашылық жоқ
(бәле/пәле, пейіл/бейіл, парапар/барабар, палуан/балуан, пайым-дау/байымдау, шүберек/ шүперек).Қазақ тілінде сөз
аяғындағы
<б> фонемасы болмайды делінеді. Алайда сөз аяғындағы <п>
дыбысы дауыстыдан басталатын жалғау жалғанғанда <б>
дыбы-сына айналғанмен, сөз мағынасы өзгермейді.
Біздіңше, осы позицияда – сөз аяғында <б-п> гиперфонема-сы
бар. Мұнда позициялық түрленім таңбаланған сияқты. Көне түркі
тілінде сөз басында айтылмаған <б> фонемасы бүгінгі қазақ
тілінде сөз басында қолданылу жиілігі жағынан үшінші орында
(Мырзабеков С. 2003: 59). Ендеше аяққы позицияда да қолданылу
мүмкіндігі бар. Кезінде Х.Досмұхамбетұлы сөз аяғындағы б әрпін