Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет100/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   287
Екпін   мен   үндесім.  Егер   қазақ   тіліндегі   басты   суперсег-
ментті   бірлік   екпін   емес,   үндесім   заңы   болса,   онда   үндесім
заңы екпіннің сөзайырымдық қызметін атқара ала ма? Сөздің
бірыңғай   сингармотембрмен   дыбысталуы   синтагмадағы   өзге
бірліктерден айыра алмайтын сияқты. Мысалы: [жасылжәйлау
түктүгілем   көккілем,   көккілемде   көбойнаймын   көпкүлөм
маңдайымнан сыйпабөткөн самалды қазағымның алақаны деб-
білем]   немесе   [сеңгеше   ғайдаболдұң],   [елордасы   астанадан
сөйлөптұрмыз] деген сөздегі жуан немесе жіңішке үндесімдегі
қатар келген екі сөздің жігін ажырататын және бейүндес буын-
ды сөздерді жеке фонетикалық сөз ететін үндесім заңы болып
138
139


тұр   ма?   [сеңгеше]   сөзіндегі   үндес   лексемалардың   аражігін
ажыратып тұрған – әрқайсысының өз екпіні. Сонда қазақ тілі
просодикасындағы   негізгі   сипат   –   сингармонизмде   болса,   ол
проф. Ә.Жүнісбек айтқан сөз мағынасын танытатын, сөз жа-
сайтын, бір бүтін етіп ұстап тұратын қатырғы болса, олардың
сөйленістегі аражігін айқындап тұратын екпін болады. Сонда
екпін сингармонизмге қосалқы болады. Эксперименттік талда-
улар қазақ тіліндегі екі буынды сөздің ІІ-буынындағы дауысты
ұзақ   болатынын,   ІІ-буында   дауысты   ашық  болса,   І-буындағы
дауысты қысқа болатынын көрсеткен. Ендеше аяққы буындағы
дауыс созылыңқылығы екпінді хабарлайды.
Жалпы үндесім заңының дыбыстарды буын не сөзге бірік-
тіретін құрсау қызметін атқаруы, сөзді бір бүтін етіп тұратын
сипаты туралы қағида Ә.Жүнісбек есімімен бүгінде қазақ тіл
білімінде орнықты. Үндесім заңының алфавиттегі әріп санын
азайтуға, жазуда үнемділік заңын күшейтуге көмегі болаты-нын
А.Байтұрсынұлы, Ә.Жүнісбек әліпбилері дәлелдеді. Төте жазу
қазақ   графикасы   тарихында   бірден-бір   фонематикалық   жазу
болды. “Графиканың жетілгенін аз әріппен тілдегі ды-быстарды
қаншалықты   дәл,   жеткілікті   бере   алды   –   сол   арқылы
анықтайды”.
Үндесім   заңдылығы   қазіргі   қазақ   жазуында:   1)   дауыс-ты
дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп арналумен; 2) <қ> <к>
<қ>   <г>   фонемаларына   таңба   берілумен;   3)   түбірдің   соңғы
буынының   жуан-жіңішкелігіне   қарай   қосымшалардың
жалғануымен; 4) бейүндес буын жігінде  ћ,  х  әріптерінің маркер-
лігімен (жићаз [жійћ’а’з], Ахмет [ах’
і
м’ет’]) көрініс тапты.
Ал бүкіл қазақ сөзінің 5% құрайтын (М.Жүсіпов) бейүндес
буынды сөздердің (олар не кірме сөз, не біріккен сөз, не кір-ме
жұрнақты   сөз   болуы   мүмкін)   дені   ашық   буын   мен   бітеу
буынның (бітеу буын мен бітеу буынның) қосындысынан және
екінші буында қысаң дауыстылардың болуымен ерекшеленеді:
құрмет, құдірет, қабілет, қасірет, қажет, қауесет, қадір, қазір,
қаріп, қабір, қауіп, қанден, қадім, қапер, қатер, қорек, лағынет,
қастерле,   қатыгез,   кәмшат  т.б.  Мұнда   бітеу   буын   жігінде   екі
дауыссыз   арасына   қысаң,   сына,   жіңішке   дауысты   дәнекерленіп,
өтпелі буын жасайды. Сөз үндесім заңдылығына қайшы жазыл-са
да,   үндес   айтылады.  Құрмет  [қ’үр
і
м’ет’],  қабілет  [қ’әб’
і
л’ет’]
т.с.с.   Ал  қазір,  қаріп,  қауіп,  қадір  сөздерінде   жіңішке   қысаң,
езуліктің таңбалануы дәстүрлі жазу принципінен шыққан.
Мұндағы і әрпі – <ы> фонемасы да, <і> фонемасы да емес, сөз 
аяғындағы екпінмен байланысты таңбаланған сына дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет