Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет108/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

ІІ. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ:
ӘЛІПБИ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕМЛЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Біз   қазақ   халқының   қолданған   жазу   типтерін   семасио-
графиялық және  фонемаграфиялық  деп  бөле  отырып,  зертте-
уге   фонемаграфиялық   жазу   түрлерін   нысан   етеміз.   Өйткені
пиктографиялық   жазу   мен   ДЖ   жазудың   екі   басқа   типіне
жатады.   Екіншіден,   ғалымдар   арасында   сурет   жазуды   жазу
түріне   сана-майтын   көзқарастар   басым,   үшіншіден,
пиктографиялық   жазу   өз   алдына   кең   масштабтағы   зерттеуге
нысан   бола   алады.   Және   қазіргі   қазақ   жазуының   бейнесін,
болашақ “кескінін” тану үшін қазақ жазуы  тарихындағы ДЖ
түрлерінің сипатын, әліпбиі мен емлесін анықтау қажеттігі бар.
Қазақ халқының пайдаланған ДЖ түріне көне түркі жазуы
(КТЖ), ұйғыр, араб жазуы және А.Байтұрсынұлының төте жазу
(ТЖ)   үлгісі,   латын   графикасына   негізделген   қазақ   жазуы
(ЛГнҚЖ), орыс графикасына негізделген қазақ жазуы (ОГнҚЖ)
жатады.   Аталған   әліпби   түрлері   жекелей   зерттеу   объектісі
болатындықтан бүгінге дейін аталған жазу түрлері зерттеу ны-
санына   алынбағандықтан,   жұмысымызда   жоғарыдағы   әліпби
түрлерінің белгілі бір ерекшелігі мен әліпби құрамы, ондағы
әріп пен фонема сәйкестігі, ішінара емле ережелері туралы сөз
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет