Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет104/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

қы,  ыл, ыр, жы) т.б. Проф. Ә.Жүнісбек тірек дауыссыздар жуан
езулік үндесім вариантында қолданылады дейді. Және үш
дауыстыға   негізделген   сингарможазуында   қысаңдардың   тірек
фонемасы ретінде ы-ны алады.
Төртіншіден,  қазіргі   қазақ   тілінде   жуан   еріндік   пен   жуан
езулік, жіңішке еріндік пен жіңішке езулік қатар келе алады:
қора, жора, сора, мола, молда, күрек, түрен, қола, сұрақ т.б.
Проф.   С.Мырзабеков   бұл   құбылысты   “а-ның   езулік   күші  ы,  і
фонемаларына   қарағанда   әлсіз,   сондықтан   да   ол   жуан   еріндік-
терден   кейін   айтыла   береді”деп   анықтайды.  Орақ,  құрақ,  ұзақ,
отан, ора сөздерін айтқанда екінші буындағы езулік дауыстының
айтылым   құрағы   еріндікке   еріп,   жуықтап   айтылуы   мүмкін.
С.Мырзабеков  а  дыбысының   АТ-да   кейде   [o]   болып   айтылатын
кезі   де  болатынын   айтады:  ойбой,  ойхой.  Яғни  ерін,   езу  дауыс-
тылары бір сөз шенінде я жіңішке үндесімде, я жуан үндесімде
қатар жұмсала алады, ал бейүндесімде жұмсала алмайды.
Бесіншіден,  ерін   дауыстыларының   бірінші   буыннан   арт-
пайтын   сипатын   кірме   лексиканың   игерілуінен   байқауға   бо-
лады. Мысалы, о, у дыбысына екпін түскен сөздер қазақ тілі-
не  очередь=>өшірет=>шірет,  стол=>үстел,  утюг=>үтік,
русь=>орыс,   хамут=>қамыт,   чугун=>шөген,   пуховый
=>бөкебай, плюш =>пүліш, самовар=>самауыр, мұнанай=>
меновой болып игерілген.
Ал араб-парсы тілдерінен енген ораза (руза), орамал (румал)
сөздерінде екінші буындағы еріндік фонема басқы позицияға
ауысқан.
Сөйлегенде   [үт
о
’үк
о
’],   [орус]   т.с.с.   болып   дыбысталатын
сөздерді мұндай орфограммада заңдастыру 1929ж. емле конфе-
ренциясында қабылданған еді. Себебі мұнда І-буындағы ерін-
дік әсерінен келесі буындағы дауыстының еріндікке айналатын
фонетикалық алмасу тұрғанын ғалымдар байқады. Өйткені
мазмұн, мақұл, марқұм, мәжнүн, мәжбүр сияқты екінші канал
арқылы енген сөздердегі еріндіктің таңбалануында І-буынның
әсері жоқ, фонеманың негізгі реңкі берілген.
Алтыншыдан,  еріндік сипат алдымен  <ұ>, <о>  фонемаларына
қарағанда   <ө>,   <ү>  фонемаларында   күшті   екенін   орфоэпиялық
норма көрсетіп отыр. ХІХ ғ. В.В.Радлов <о> дыбысы өзінен кейін
келген   қысаң   дауыстыға   <ө>  дыбысындай   әсер   етпейді   деген.
Сонда   жіңішке   дауыстылар   жуан   дауыстылардан   кейін   пайда
болған   екіншілік   дифференциация   десек,   алдыңғылардың
дауыстыны өзіне үндестіруі позициялық болып табылады дей-міз.
Сондай-ақ, ескі қыпшақ тілдерінде ерін дауыстыларына
146
147


қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері
көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипа-
ты уәжсіз емес. Тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті,
оның екі   бірдей  түрін  негізгі   жетекші  етіп ала  алмауға   тиіс:
біреуі  басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл
үндестігінің   жазуда   бейнеленіп,   ерін  үндестігінің   ауызша   тіл
ка-тегориясы болып табылуы жөн.
Қазақ   жазуы   фонематикалық   екенін   естен   шығармаса,   сау-ат
ашу   ісінде   әріппен   қатар   оның   дыбыстық   мәндерін   үйретсе,
Л.В.Щерба ескерткендей, балаға алғашқы бір жыл ауызша тілді,
дыбыстарды меңгертсе, сосын оның жазудағы бейнесін үйретсе,
қысқасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тіл үндестігінің орны
дұрыс көрсетілсе ерін үндестігінің жоғалуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет