Оқуға арналған материал
...Сингармонизм заңының екінші жағы – ерін үндесімі. Бұл –
бірінші буындағы ерін дауыстылардың әсерінен (о, ө, ұ, ү) екін-ші-
үшінші буындағы езуліктердің (ы, і, е) еріндікке айналып, ұқсап,
жуықтап айтылуы. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі қырғыз, алтай,
тува тілдеріндегідей жаппай қамтитын құбылыс емес екені белгілі.
Сондықтан ерін үндестігі жазба тілде көрініс таппаған. Қазақ
тіліндегі ерін үндестігі – 2-3 буынға дейін сақталатын, ары қарай
сөз неше буыннан тұрса да соңында езулікпен айтылатын
құбылыс. Ерін үндестігінің 2-3 буынға дейін анық естілетін,
айтылатын тұсы ашық буын жағдайында. Мысалы: көбелек –
көбөлөк, құбылыс – құб
ү
лұс, сүйініш – сүй
ү
нүш, бөдене – бөдөнө,
бұрылыс – бұр
ү
лұс, бүлініс – бүл
ү
нүс, көпене – көпөнө, күйініш
– күй
ү
нүш, құйылыс – құй
ұ
лұс.
Жалпы, ерін дауыстыларын еріндік реңкінің күштісінен
әлсізіне қарай орналастырсақ, былай болады: ө, о, ү, ұ. Сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: |