ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба арналуы себеп еді.
Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен
бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (ұ-ү, о-ө) дифференциалды бел-
гісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар.
Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фо-
нема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А.Байтұрсынұлы
бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке
белгісі арқылы ажырайды:
<ү>
<ө>
/ұ/ /о/ және /у/ графемасы.
<ұ>
<о>
Ғалым: “о мен ұ екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың
жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал)
деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай
басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да,
қалдырмай жазу керек. Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде т-
ның ж-ның қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол
дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың қарпін о-дан айыру үшін,
үстіне () қоямыз. Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген
қалыпта айтарға тиіс” деген.
Бірақ сонда да <ұ> мен <у>-дың арасын айыру қиындығы
болғанға ұқсайды: “у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р-
дың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У-сөздің бас
буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ де-
ген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық
айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буы-
нында у ұзын һәм анық естілсе, екі әріппен жазарға тұура,
тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ) дан айыру үшін үстіне
() қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен,
айтылуы ұқсас емес” деді.
Бірақ бұған қарсы пікірлер бірден айтылады. Мысалы,
Ш.Жияшев «Ол
ﻭ
дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза,
ﻭ
Достарыңызбен бөлісу: |