Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет145/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

.
 еш уақытта у болмас. Белгі әр заман в орнына тұрып, волыс,
вагон  сықылды сөздерде жазылашақ»  десе,  А.Жанталин: «
,ﻱ
 

(ве)  харіптерін жарты дауысты дыбыстар деп көрсетуі  маған
онша ұнап жетпей тұрады. Неге десеңіз бұрыннан бізде жазы-
лып келе жатқан 
ﻭ 
(ве) дыбысы орысшаның в харпіне тура ке-
леді» дейді.
“Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жер-
лерде   екі   /ұ/  жазуға   тиіс.   Мысалы,  тура,  туыс  деген   сөздерде.
Басқа   түркі   тілінде   екінші  ұ  орнына  ғ  келеді.   Мысалы,  туғра,
туғыш” деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшы-
лайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естіл-се
де, жалғыз /у/ әрпімен беруді ұсынады. Мысалы,  ашу,  ашула-ну,
тату, татулық, татуласу. Бұдан А.Байтұрсынұлының объ-ектіні
бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы,
ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол
ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты.
192
193


Байтұрсын   әліпбиін   көпшілік   талқылау   барысында   мы-
надай пікір бар:   “Бикеш,  бауыр  деген сөздердегі  и,  у  хәрпін
Ильминский бір түрлі жазса керек дейді екі харіпменен. Біздің
фаһамымызша, айтылған и, у-дың орнына екі хәріп жазу дұрыс
емес”.
Ал <ы>, <і> фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның
өз   сөзін   тыңдағанымыз   жөн:   “ы-жаны,  малы,  тары  деген
сөздерде  н-ның,  л-дың,  р-дың   соңынан   естілетін  дыбыстың
белгісі. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқа һәм көмескі естіп,
бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы  қн,  қр,  қрн,
жлм, жлтр деген сөздердің ішінде <ы>-ның барлығы аз сезіледі,
хатта   сезілмейді   деп   те   айтуға   болады.   Бұл   сөздерді   /ы/-ны
жазғанда   да   жазбағанда   да   осылай   оқимыз.   Жазбағанда
оқылуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны,
жаны,  малы  деген сөздерді  ы-ны жазбай, со-лай оқи алмаймыз,
сондықтан сөздің аяғында  ы  жазу қажет. Сөз басында  ы-ның өзі
жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазыла-
ды. Мысалы: ықтын,ынтық,
ырғақ”.
Талқыға салынған мақалаларда, мысалы, Ғ.Мусин:“Әпенденің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет