С.Аманжолов айтты. Автор 1933 жылы “Социалистік Қазақстан”
газетіне жариялаған мақаласында жаңа әліпби комитетінің
түркі тілдері дыбыстық ерекшеліктерімен ескермей, әліпбиден
ә, ү, z, ө әріптерін шығаруды ұсынуы, сондай-ақ <қ>-ны к-мен,
<ғ>-ны г-мен беруді дұрыс емес дейді.
<ғ> дыбысын х әрпімен беруді ұсынады, қысаңдарды түсіріп
жазуды қолдамайды.
Қосар дыбыс әріптерін бір әріппен беруді ұсынады. <ый>,
<ій> дыбыс тіркесінде j таңбасы дауыссыз <й> – ді де беретін
болсын деген пікір айтады: saj (сай), jaqnj (яғни).
Ал [ұу], [үу] тіркесіміне v таңбасын лайық көреді. Сонда V-
<у>, <ұу>, <үу> беретін болады дейді.
Терминдерді орыс тілі арқылы игеру керек, 1929 жылы емлені
жасаған Т.Шонанұлы, Е.Омаровтардың алашордашылдығын
олардың шет сөздерді сол түпнұсқа тілінде алайық деген ниеті-
нен көруге болады дейді.
С.Аманжолов 1929жылы қабылданған әліпбидің мынадай
кемшіліктерін көрсетті:
1) әліпбиде х, f, v таңбаларының болмады;
2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан мисси-
сипи, миссури сияқты сөздердің mijssijsijpij, mijssуvrij деп 6, 7
әріптің орнына, 13-9 әріпке дейін жазылу;
3) Фонетикалық принциптің ұсталынды;
4) Қазақ тілінің төл сөздерінде екінші-үшінші буындарда
ерін дауыстылары жазылмағандықтан кірме сөздердің әртүрлі
орфограммалануы (кило-келі, динамо-динамы, бюро-бюра);
5) Сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зооло-
гия, биология, театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйа-
тыр болып таңбаланды; 6) Қатаң-ұяң дыбыс тіркесімі
болмайды, сондықтан жа-
зылмайды делініп, аптаномыйа, Бекполат, апсалұут сияқты
фонетикалық орфограммалар көбейді. С. Аманжолов: “Қазақ
тілінің сингармонизм заңына бағынатындығы бұлай тұрсын,
қазақтың ежелгі сөздерінің талайы дыбыс жүйелі принцип-
ке бағынбайтын еді. Мысалы: tuz+cь, ag+cь, bas+сь, gel+bau,
gьzmet+ker, gazdь+gun” дейді.
Сөйтіп, емле ережелеріне мынадай өзгерістер ендірілетін
болды дейді: емленің негізі – морфологиялық принцип, түбір
морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазы-лады
(зumьsdьŋ), түбірлері сақталған біріккен сөздер, кірікпей
жазылады да, қосымшасы фонетикалық принциппен жазыла-ды;
кірме сөздер ішінара болмаса, морфологиялық принциппен
түпнұсқа тұрпатын сақтап жазылады, қосымша фонетикалық
принцип бойынша жалғанады, қазақ тіліне ауызша жолмен еніп,
игерілген географиялық атаулар, ұғым атаулар қалыптанған
түрінде жазылады: өzbek, poiьz, sjiez, nөl, aрus, yiel, yien, екі
немесе одан көп дауыссыз дыбысқа аяқталған кірме сөздерге
қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсіп қалады, қосымша
сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады:
Bekmuratqa, metaldьŋ, кірме сөздердегі еріндік дауыстылар
таңбасы соңғы буында да жазылады (komsomol, kino), кірме
сөздердің аяғында в, д, г әріптері таңбаланады( leningrat, aktip
емес); <ұ> дыбысы ы таңбасы арқылы, <і> фонемасы j әрпі
арқылы таңбаланады: выl, tjl; екі дауысты дыбыс таңбасы тір-кесе
береді (zooloqia, зuadь); әліпбиге x, f, v әріптері алынады; қосар
Достарыңызбен бөлісу: |