1938 жылғы әліпби мен графикадағы өзгерістер. Ұсынылған бұл жобалар, әсіресе Қ.Жұбановтың дәйекше
қызметін пайдаланған әліпбиі, 1934 жылы жоғары комитетте
қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады.
Бірақ uv (ұу) мен yv (үу) қосар әріп орнына бір ғана u жазы-
латын болды да, u (ұ) әрпі ь таңбасымен ауыстырылды: uvagьt- uagьt, uvьq- uьq, yvәde- uәde, kelyv-kelu, quvus-quьs. Бұл әріптің
емлесінде мынадай ескерту болды: у деген сөзді бір әріппен
(u), түу (tyv), syv (сүу) сияқты сөздерді екі әріппен (tu, su) беру
ыңғайсыз, әрі сөз мағынасын айыруға кедергі келтіретіндіктен
(ту мен түу деген одағайды) қосар әріппен беріледі.
Сол сияқты ьj (ый), ij (ій) қосар дыбыстарының орнына бір
ғана і таңбасы алынған соң, <і> фонемасы /j/ әрпімен
таңбаланатынболды, мысалы: tjl (тіл), zjl (зіл). Бұл
орфограмманың да тый, сый сөздерінде бұрынғы емле
сақталатыны туралы ескерту бол-ды.
1938 жылы “Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту
туралы” қаулыдан соң әліпбиге f (ф), x (х), v (в) әріптері енді.