Фонема туралы. Ғалымның ауыздан шыққан дыбыстың
саны жоқ, олардың ішінде тек мағынаға ие болатындары ғана
фонетика объектісі дегенін автордың жалпы тіл біліміндегі фо-
нема ұғымынан хабардарлығы немесе фонема ұғымын
өздігінен пайымдап отырғаны деп білеміз. Мысалы: “Баба дегендегі <б> екі басқа, бір емес. Сондықтан бұл екеуінің
физиологиясы да басқа. Біз көп <б>-ның бәрін де бір әріппен
таңбалап, орта есеп-ке келтіріп, бәрінің басын қосып, бір
белгісін ғана алғанбыз” дейді ғалым.
Сондай-ақ автордың сөзайырымдық қасиеті жоқ п-ф, қ-х ды-быстарын п, қ фонемаларының дыбыстары деп қана
танығанын (Файзолла – Пайзолла), “дыбысты түгел
таңбалайтын әліпби ешбір елде жоқ” дегенін фонематикалық
жазу түрінің теория-сын меңгергені деп түсінеміз.
Қ.Жұбановтың “Оқымыстылар тіл дыбыстарын, сөз
тұрпаттарын, сөйлем құрылысын бір-біріне қоспай, аулақ
ұстайды. Өйткені бұлардың өзара қатынасын зерттесе,
бұлардың өзі де мәңгілікті категория болмай, бір-біріне өтіп,
ауысып отырғанын көрер еді, тілдің әрбір категориясының да
өткіншілігін сипаттаған болар еді” деген сөзі құрылымдық тіл
білімі зерттеулерінен кешенді тіл білімі зерттеу әдістеріне ауы-
сып отырған бүгінгі қазақ тіл білімінің жайына келеді. Соған
қарап тіл білімінде фонетика, морфология, лексикология, син-
таксис салаларының екшелініп зерттелінуін, өз зерттеу пәні
мен әдістерін, нысанын ерте анықтауын, орфография, жазу та-
рихы сияқты кеш дамыған аралық ғылым саласына жете көңіл
бөлінбеген себебін парықтауға болады. Өйткені жазу тарихы ең
арғысы тарих пен ұлт, этнос, дін тарихымен бергісі каллигра-
фиямен байланысты болса, орфография фонетика, морфология,
семасиология, синтаксис салаларындағы зерттеу нәтижелеріне
сүйенеді. Ғалым структуралық тіл білімінің әр саласына қалам
тартқанда оны міндетті түрде жазу мен практиканың
қажеттілігіне байланыстырып отырады.