-тер) көрсетсек(қазiргiоқулықтардың бәрiнде осылай),жазба
тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. Ал сөйленістегі -лөр, -дөр, -төр (үйлөр, көлдөр, шөптөр) варианты ескерілмей-
ді. Болмаса септiк жалғауларының -ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың, -тiң, -га, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е варианты–жазудағы
форма-лар. Осы сияқты барлық грамматикалық формаларды
айыруға болады. Бұған сай түбiр морфемалардың да ауызша
вариант-тары шығатыны белгiлi. Ауызша сөйлеудiң үздiксiздiгi,
іргелес морфемалардың позициялық өзгерісі сөйлеудегі бір
деңгейдегі айтылымын әртүрлі етеді.
Ал жазба форма дискреттi. Тiл деңгейлерiнiң осы екі сала-
сы, фонетика мен морфология арқылы, жазуды тiл өмiр
сүруiнiң бiр формасы деп тануға болады. Осыған орай қазіргі
көркем әдебиет стилінде классик ақын-жазушылардың сөз
саптауына, мәтін құрауына сәйкес келетін сөйлемдерді
кездестіру қиын екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын
тілдеріндегі детек-тив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі.