Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет34/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

бейтарап әдеби тіл (БАҚ тілі, шешендік сөз, дәріс, жиналыс),
ресми   тіліне  (мектеп   бағдарламасы,  ғылыми   конференция,
жиналыс сөзі т.б.) бөлінеді. Жазба тіл  жазба ауызекі тіл  (хат,
қолхат, интернет тілі) және жазба әдеби тілге (көркем әдебиет,
публицистикалық, ғылыми, ресми ісқағаздар стилі) ажырайды.
Сонда   кез   келген   сауаты   бар   адам   алғашқы   үш   сатыны
меңгереді,   санасында   айту-есту,  жазу-көру   елесі   тұрақты   бо-
лады. Тілдің шығуының өзі бір нәрседен әсер алу және оны
сыртқа шығару мотивінен пайда болғандықтан, кез келген адам
табиғатына   көркем   әдебиет   мәтіні   жақын   тиеді.   Сондықтан
сауаты бар адам көркем әдебиет стилінде өзі жаза алмаса да,
сол   стильде   жазылған   мәтінді   қабылдап,   түсіне   алады,   яғни
оның   көркемдеп   жеткізу   және   ойлау   елесі   толық   болады.
Публицистикалық стиль туралы да осыны айтамыз.
Ал ғылыми мен ресми ісқағаз стилін кез келген адам түсіне
де,   пайдалана   да   алмауы   мүмкін.   Өйткені   ол   ұғым,   түсінік
пайымдау   мен   (ғылыми   стиль),   әлеуметтік,   қоғамдық,   саяси
жағдаятпен (ресми ісқағаздары) байланысты.
Сонымен, тілді меңгеру деген ауызекі сөйлеу тілінен жазба
әдеби тілге қарай (әсіресе ғылыми, ресми ісқағаздары) қиындай
түседі. Ол, ең алдымен, жазу жүйесінің күрделілігінен шығады.
Ауызша тіл мен жазба тіл арасында бейтарап әдеби тілдің бо-
луы   алдыңғысынан   соңғысына   көшуді   жеңілдетеді,   яғни
ауызша сөйлеу тілі мен әдеби тілді жазу арқылы қағазға түсіріп
үйренген адам, бірте-бірте жазу жүйесіне де ене бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет