Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-семинар. Әліпбидегі әріп пен тілдегі фонема қатынасы



Pdf көрінісі
бет92/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   287
Байланысты:
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826

5-семинар. Әліпбидегі әріп пен тілдегі фонема қатынасы.
Семинар сұрақтары:
1. Қазақ әліпбиіндегі ең көп дыбысты таңбалайтын әріптер қайсы?
2. Қазақ әліпбиінде қанша төл фонеманы таңбалайтын әріп, қанша
кірме әріп және қанша дыбыс тіркесін таңбалайтын әріп бар?
3. Дыбыс-фонема-графема-әріп қатынасын  нақты әріпті мысалға
ала отырып, қалай көрсете аласыз?
Қазіргі қазақ графикасындағы әріптерді дыбысталған сөз
– фонема – графема қатынасында алғаш рет талдап көрсеткен
ғалым Н.Уәлиұлы болды. Зерттеуші дыбысталған сөзді жазу да,
жазылған   сөзді   оқу   да   фонема   арқылы   жүзеге   асатынын
анықтай отырып, қазақ жазуы теориясының негізін айқындады.
Н.Уәлиұлының сөз болған еңбегінен басқа қазақ тіл білімін-
де графикадағы әріп-дыбыс қатынасын көрсететін зерттеу жоқ
екенін ескере отырып, біз қазіргі жазуымыздағы әріптерді гра-
фема-фонема-дыбыс қатынасында саралауды мақсат етеміз.
Қазақ тілі фонемаларының дыбыс қорын түгендеген проф.
Ә.Жүнісбек   пен   М.Жүсіповтің,   Н.Уәлиұлының,   зерттеуші
З.Бадамбекқызының зерттеулерінен ауызша тіл бірлігі – дыбыс
пен жазба тіл бірлігі әріп күрделі қатынаста екеніне көз жет-
кіземіз. Ол күрделілік әліпбиде бір фонеманың реңктерін біл-
діретін   әріп   немесе   басқа   бір   белгі   болуы   мүмкін   бе,   бір
әріппен әртүрлі фонеманы таңбалауға  бола ма, бір фонеманы
әртүрлі   әріппен   таңбалауға   бола   ма,   фонема   тіркесін   бір
әріппен бел-гілеуге бола ма, бір фонеманы екі немесе одан да
көп әріппен таңбалауға бола ма деген мәселелерден тұрады.
Негізінен осы мәселелерді назарға алу, қазақ жазба тіл мен
ауызша   тілдегі   әріп-фонема-дыбыс   қатынасы   қазіргі   қазақ
жазуының мәртебесін, емле қиындықтарын, әліпби кемшілігін,
орфографияны  жетілдіру қажеттілігін саралауға  көмегін  тигі-
зеді.
Талдау әріп (графема)-фонема-дыбыс қатынасында жүреді.
Өйткені жазу теориясы тұрғысынан әріп – фонеманы таңба-
110
111


лаушы, графеманың тұрпат межесі болып табылады. Қазақ гра-
фикасында 312 әріп қоры (164 кіші баспа және жазу, 148 бас
бас-па және жазу) бар. Оның һ, ң, ь, ъ әріптерінің бас әрпі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет