Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет104/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196
<ү>
<ө>
/ұ/ /о/ және /у/ графемасы.
<ұ>
<о>
Ғалым: “о мен ұ екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың
жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал)
деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай
басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да,
қалдырмай жазу керек. Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде т-
ның ж-ның қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол
дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың қарпін о-дан айыру үшін,
үстіне () қоямыз. Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген
қалыпта айтарға тиіс” деген.
Бірақ сонда да <ұ> мен <у>-дың арасын айыру қиындығы
болғанға ұқсайды: “у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р-
дың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У-сөздің бас
буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ де-
ген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық
айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буы-
нында у ұзын һәм анық естілсе, екі әріппен жазарға тұура,
тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ) дан айыру үшін үстіне
() қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен,
айтылуы ұқсас емес” деді.
Бірақ бұған қарсы пікірлер бірден айтылады. Мысалы,
Ш.Жияшев «Ол 
ﻭ 
дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза,

.
 еш уақытта у болмас. Белгі әр заман в орнына тұрып, волыс,
вагон сықылды сөздерде жазылашақ» десе, А.Жанталин: «
,ﻱ

(ве) харіптерін жарты дауысты дыбыстар деп көрсетуі маған
онша ұнап жетпей тұрады. Неге десеңіз бұрыннан бізде жазы-
лып келе жатқан 
ﻭ 
(ве) дыбысы орысшаның в харпіне тура ке-
леді» дейді.
“Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жер-
лерде екі /ұ/ жазуға тиіс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде.
Басқа түркі тілінде екінші ұ орнына ғ келеді. Мысалы, туғра,
туғыш” деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшы-
лайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естіл-се
де, жалғыз /у/ әрпімен беруді ұсынады. Мысалы, ашу, ашула-ну,
тату, татулық, татуласу. Бұдан А.Байтұрсынұлының объ-ектіні
бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы,
ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол
ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты.
192
193


Байтұрсын әліпбиін көпшілік талқылау барысында мы-
надай пікір бар: “Бикеш, бауыр деген сөздердегі и, у хәрпін
Ильминский бір түрлі жазса керек дейді екі харіпменен. Біздің
фаһамымызша, айтылған и, у-дың орнына екі хәріп жазу дұрыс
емес”.
Ал <ы>, <і> фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның
өз сөзін тыңдағанымыз жөн: “ы-жаны, малы, тары деген
сөздерде н-ның, л-дың, р-дың соңынан естілетін дыбыстың
белгісі. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқа һәм көмескі естіп,
бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы қн, қр, қрн,
жлм, жлтр деген сөздердің ішінде <ы>-ның барлығы аз сезіледі,
хатта сезілмейді деп те айтуға болады. Бұл сөздерді /ы/-ны
жазғанда да жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда
оқылуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны,
жаны, малы деген сөздерді ы-ны жазбай, со-лай оқи алмаймыз,
сондықтан сөздің аяғында ы жазу қажет. Сөз басында ы-ның өзі
жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазыла-
ды. Мысалы: ықтын,ынтық,
ырғақ”.
Талқыға салынған мақалаларда, мысалы, Ғ.Мусин:“Әпенденің
ы харпін сөздің аяғына ғана жазып, басқа жерде жазбаймыз деуі
де қызық емес пе? /Ы/ аяғында керегі болған сияқты басқа жер-
лерінде де керегі болса керек” деп, қарсы пікір білдірген.
Бірақ ғалым фонемалық мәні болғанмен, жазылған сөзді
оқуға зияны тимесе, үнемдеп жазу принципін осы дауысты
таңбасына қатысты алған деп білеміз.
Жалпы, ғалым дауыстылар жүйесінің таңбалануын былай
бөлген:
1) <ы> дыбысына қатысты жазу үнемділігін жасаған.
2) <е> дыбысының таңбасын үнемі бейнелеп отыру керек,
өйткені сөз мағынасына әсер етеді. <о>, <ө> қысаң еріндіктер
сөз аяғында е-мен таңбалану.
3) и дыбысына екі таңба алу.
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде <қ>, 
<

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет