Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет152/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   196
Ы, і әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кезде-
седі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында
таңбаланғанда, сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбау:
жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау.
Ал ә, ұ, ү әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер тек
бірінші буында жазылады дегеннен соң сірә, күнә, бұлбұл сөздерін
ескертуге шығармай (Т.Жанұзақов, Ғ.Сұлтанғалиев, Б.Нұрғазина),
а-түрінде заңдастыру; а-ә, ұ-ы әріптерінің орфог-раммасы күдікті
болса, қосымша жалғап анықтау ұсынылды:
Күлашқа, шайға, жайластыр..
Ащы, кеще, тұщы сөздерін екі ш-мен беру ұсынған; я, ю
әрпін миуа, қиуа, айуан сөздерінде де қолдануды ұсынған пікір-
лер бар (Мұсабекова Ф., Сейтмұратов Б.).
Сондай-ақ, х әрпімен келетін сөздердің барлығын сөздіктер
мен ережелерде арнайы көрсетуді (құрмет-хұрмет, бұқара-
бұхара сөздерін жазуда да ала-құлалық көп) (Ш.Сарыбаев);
және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды
ұсынатын, Һ әрпін әліпбиден шығару жағын қолдайтын пікір-
лер де болды. Ал қазір, қайтіп, қадір сияқты бейүндес сөздерді
бірыңғай жуан жазу (Б.Нұрғазина); к-г, қ-ғ, п-б ұяңдау про-
цесін кірме сөздерде де пайдалану: принцип-принцибі, альма-
нах-альманағы, цех-цеғы (Б.Нұржекеев) сияқты пікірлер көңіл
аударарлық.
Бірге, бөлек жазу проблемасына бірнеше мақалалар
арналған. Оның ішінде мынадай ұсыныстарды атауға болады:
жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.Мұсабаев), біріктіру ама-лын
сөзайналым процесі ретінде қарау, сондықтан, аққұман, ақсаусақ,
желөкпе сияқты сөздерді бірге жазу, бір ұғым емес, бір заттың
атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық сын есімдерді
бірге жазу: қараторы, аққұба, біріккен сөзді ай-тылуы бойынша
жазу, соңғы сыңары тәуелдік тұлғада тұрған барлық сөздерді
бөлек жазу (А.Абдрахманов), айтылуы бірдей, мағынасы басқа
сөздерді екі түрлі жазу: ұр да жық – ұрдажық т.б. (Ж.Жолаев),
“жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіру-ге әуес болмау”,
біріккен сөзді кіріктіріп жазу (С.Жиенбаев.).
Міне, 40-60жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген
мақалалардағы пікірлер сипаты осындай болды.
282
283




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет