Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет79/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   196
й деп көрсетуге болады (құрмет  құрмйт, сурет  сүурйт).
Ал біріккен сөз, кіріккен сөз, бір деммен айтылатын ырғақты
топ сыңарларының алдыңғысындағы еріндік соңғысына әсер ете
алмайды. Мысалы: сол кез – солгез (солгөз емес), соқыр сенім
– соқұр€ сенім (соқұр€сөнүм емес), сутегі – сұутегі (сұутөгү
емес), сусімір – сұусімір (сұусүмүр емес), суығыстырым –
сұу€ығыстырым, (сұу€ұғұстырым емес), супияз – сұупыйаз,
(сұупұйаз емес), сужылан – сұужылан (сұужұлан емес), сужегі
– сұужегі (сұужөгү емес), су етті – сұу€етті (сұу€өттү емес)
т.с.с. Ереже ескертусіз болмайтыны сияқты үшінші буыннан ар-
тпайтын ерін үндестігі кейде 4-5 буындарға өтіп кетеді. Үш буын
ерін үндесімімен айтылып, төртінші, тіпті бесінші буын езулік, ал
келесі буында ұу, үу тіркесі келетін болса, онда сөз бастан-аяқ ерін
үндестігімен айтылады. Мысалы: сүйкімдену – сүйкүмдөнүу
(сүйкүмденүу емес), бірақ сүйкімденбеу – сүйкүмденбеу.
Төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып 
көріңіздер:
түлкілену – түлкүлөнүу 
түркілену – түркүлөнүу 
түнделету – түндөлөтүу 
түрткілену – түрткүлөнүу 
түртпектелу түртпөктөлүу 
түрпілену – түрпүлөнүу
Дауыстылардың үндесімін сөз еткенде үнемі мына бір нәрсені
есте ұстаған жөн. Дауыссыздарға қарағанда дауыстылардың ай-
тылу реңкі өте құбылмалы, тұрақсыз болып келеді. Оның үстіне
жалпы көпшілікке ұсынатын әдебиеттерде (орфографиялық сөздік,
айтылу нормасының анықтағыштары) дауыстыларды белгілейтін
әріп таңбасы да әліпбидегі дауысты таңбасынан ас-пайды және
сонымен бірдей болады. Сондықтан әрпіне қарап, дыбысын да
солай оқып, аздап қайшылық туады. Сол себепті тіл үндестігінде
де, ерін үндестігінде де, яки жіңішке буыннан жуан буынға (ә→а)
және еріндік дауыстыдан езулік дауыстыға бірте-бірте ауысарда,
үнемі дауыстыға қатысты «анық айтылу», «солғындау»,
«көмескілену», «ә мен а-ның», немесе «ө мен е-нің», «ү мен і-нің
ортасында айтылу», «жартылай ө», «жар-тылай е» болып
дыбысталу деген түсініктерді есте ұстап оты-ру керек. Сонда ғана
сөз құрамындағы, тіркес құрамындағы бейүндестіктен құтылуға
болады. Дауысты дыбыс негізгі реңкінен бірден айрылмайды, өз
реңкін сақтай отырып, келесі буын үндесуіне бірте-бірте өтеді.
Ерін үндестігін сақтап, жаттығып көріңіздер:
құрылыс – құр
ұ
лұс бұйығысу – 
бұйұғұсұу бөдененің – 
бөдөнөнүң көпенені – көпөнөнү 
дөңгелекті – дөңгөлөктү тауық –
тауұқ сауықтыру – сауұқтұрұу
Қ
ұралай Күдеринованың
«Орфоэпиялық анықтағыш»
(Алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
150
151




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет