Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет81/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   196
а графемасы басқа <ы>, <о>, <ө> инварианттарының
таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отырған. Мысалы, дғ
(адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). Ал сөз соңында
жүйелі таңбаланады: бунча, йзқа (йазықа), кче (кече). Сонда
таңбаланған дыбыс ашық езулік (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған
және рунист ғалымдар қалай топшылаған?
Ол, біріншіден, біздің ойымызша, өзге үш дауысты фонема-
ның ескерткіштерде белгілену маркерлігімен өлшенеді. Өйткені

a
e
 > дауыстысынан басқа < 
o
y
 >, < 
Y
o
 >, < 
ы
і
 > гиперфонема-
лары инициал позицияда да, І-буында да жүйелі таңбаланып
отырса, ( ыдқ (ыдуқ), өлглі (өлгелі), үчн (үчүн)), <ү>, <у> фоне-
малары барлық позицияда беріледі. Сонда 
o
y
, 
Y
o
, 
ы
і
графема-
153


лары таңбаланғанда, бұлардың фонемасы және дыбыс реңктері 
a
оқылады, ал бұл әріптер болмаған жағдайда < 
e
(
э
)
> фонемасы
дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелігіне қарай не [а],
не [е], [ә], [э] болып оқылады. Проф. А.Аманжолов көне түркі
тілінде а графемасымен <а>, <е> фонемасы ғана белгіленді
десе, Ғ.Айдаров, С.Хасановалар <ә> фонемасы да таңбаланды
дейді.
Проф. Б.Сағындықұлы көне түркі тілдеріндегі алғашқы да-
уысты фонема ретінде а-ны атайды). Сонда жиі дыбыстала-тын
фонеманың таңбасын үнемдеу арқылы жазу экономиясы
жасалған дейміз. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің алды-
нан түсірілген дауыстыны қателесіп қалпына келтіреміз дейтін
қауіптің болмайтын себебі түркі тілінің дыбыстық ерекшелігін,
лексикасын білуге байланысты. Айталық, брзун (барзун) – бар-
сын, мңа (маңа) – маған, мн (мен) – мен сөздері “түсірілген”
а, е әріптерінен басталмайтынын тілді тұтынушы да, жазуды
дыбыстық тілге кодтаушы да білуі тиіс.
Енді <
ы
і
> гиперфонемасының инициал және меди-ал
позицияда таңбаланып, сөз ішінде ескерілмеуі жайлы.
a
Гиперфонеманың сөз басында көрсетілуін жоғарыда < 
( )

e э
фонемасының тұрмағанын білдіру үшін берілді дедік. В.Томсен <
ы
і
> таңбасы салынса, <і> болып оқылады, болмаса <д>-
ден өзге [л] [i] ортасындағы [л] болып оқылады деген. Бұған
қоса В.В.Радлов та бір буындыларында э (д) – дауыстысы ғана
болғанын айтқан. Сонда бір буынды сөздердің ішіндегі
дауыстының өзгеруін таңба салып ескертіп отырған. Жалпы,
біраз ғалымдар (Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, С.Хасанова) < 
и
ы

і
>
гиперфонемасының таңбасы болды деп топшыласа, С.Е.Малов,
А.М.Щербак, М.Томанов, В.В.Радлов, М.Рясянен, А.Шеберг,
И.Н.Кобещавидзе көне түркі жазуы мен тілдерінде <ы>, <і-и>
оппозициясы күмәнді, мұндай жіктелісті дәлелдейтін факті жоқ
екенін, әсіресе тәуелдік жалғауының сөз үндесіміне қарамай,
жіңішке дауыссыз таңбасымен (н’) берілгенін айтады: кғні, қғ’н,
қз’н. Тіл үндестігінің бұзылуын ї-ның і-ге өтуімен байланыс-
тырады.

и
ы

і
> дүдәмалдығының бір себебін түркі тілдері
дамуының белгілі бір кезеңінде 1-буыннан басқа буындағы
дауыстылардың дербес фонологиялық жүйе құрай алмағанынан,
сингармониялық паралелельдердің болуынан (алтан-алтун-ал-
тын, балта-балто-балту-балты), себебі көп буынды сөздердің
екінші буынынан былай қарай дауыстылардың ерекше жүйесі
(подсистема) болатынынан, ол жүйеде ашық-қысаңдығымен ай-
рылатын бар-жоғы екі ғана фонема болып, олар аллофондарының
көптігі арқылы қолданыс табатынынан іздеу керек. Негізінен
әліпбидегі дауыссыздардың жуан-жіңішке таңбаларын шартты
деп және осыған сай тіл үндесіміне күмәнмен қарау < 
і

ы
и
>
фонемасына қатысты шыққан. Бұл жазудың емле ерекшеліктері
туралы арнайы мақала жазған Г.Левин Орхон жазуында [s], [j]
дыбыстармен [ϊ] іргелестігінде [s
2
], [j
2
] q жіңішке таңбалары
жазылғанын айтады: … [j
2
ϊlgϊ], … [s
2
ϊрϊt] Енисей, Шығыс
Түркістан ескерткіштерінде керісінше [j] мен [ϊ] дыбыс тір-
кесімі таңбаланған. Сонда әсіресе сөз соңына қарай < 
і

ы
и
>-
жіңішкеруін қалай түсіндіруге болады? Көне түркі жазуындағы
дауыстылардың графемасына (инвариантына) телінген фонема-
лар өзара (негізінен) ашық-қысаңдығымен айрылады (о-у, ө-ү,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет