Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


) Сөз басында «е» фонемасы міндетті түрде қандай



Pdf көрінісі
бет95/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   196
8) Сөз басында «е» фонемасы міндетті түрде қандай
таңба арқылы берілген?
a) /уау/
b) /һе/
c) /ии/
d) /иа/
9) Интервокал позициядағы «қ» фонемасы қандай 
әріппен берілген?
a) «һ»
b) «к»
c) «х»
d) «ф»
10) Араб жазуын оқу қандай әдіске негізделген?
a) Логикалық
b) Синтетикалық
c) Лексикологиялық
d) Грамматикалық
9-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері
Араб графикасының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін бе-
рудегі қолайсыздығы, омографтардың көбейіп кетуінен мәтін
мағынасын түсіну кейде қиын болды. 19 ғ. аяғында Ресей
үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға
баста-ды. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру
туралы мәселе ресми түрде қолға алынды. Алғашқы әліпбилер
жасала бастады.
Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жо-
басын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі
қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мына-
дай болды: ă –<ә>, ŏ- <ө>, у –< ү>, і – <і>, ы – <ы>, н – <ң>, к-
<қ>, г – <ғ>. Орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э,
ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес ды-
быс таңбаларын) қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуы-
на кезінде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған еді.
Онда В.В.Григорьев араб жазуы сіз ойлағандай қазақ жазуына
келмейді емес дейді: “Но справедливость прежде всего, даже и
в отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я
нахожу, обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбиді
алған соң оны не өзгеріссіз қабылдау керек, не сол әліпби
таңбаларының шегінде ғана пайдалану керек деген.
В.В.Григорьев қазақ тілінің консонантизм жүйесіне араб
графикасының 19 әрпі жеткен еді, ал сөз болып отырған әліпбиде
3 әріпті (қ, ғ, ң) қолдан жасайды, 2 әріпті (w, j) латыннан алады
дейді. “Находите вы еще в киргизском языке особое тонкое а
которое изображаете через ă. Я полагаю что ваше а по тождес-
твенности своей с тонким глухим е, можеть быть безо всякого
неудобство изображаемо буквою э” деп пікір түйеді. Автор к
әрпімен <қ>, <к> фонемаларын, г әрпімен <ғ>, <ћ>, <г> фо-
немаларын белгілеу керек, себебі бұлармен іргелес келген дау-
ысты таңбасы жуан-жіңішке оқылуын айырып тұрады, жүген,
кереге, қаймақ, қол сөздерін басқаша оқу мүмкін емес деді. Ң
фонемасын нг немесе н деп бергенді дұрыс көреді және й әрпі
тұрғанда латыннан j таңбасын алып қажеті жоқ екенін, сондай-ақ
[иа] тіркесін я, [йе]-е, [иы]-йы, [йі] (ий), [йо]-йо деп беруді,
сөйтіп я, ю, ъ әріптерін орыс сөздерін оқығанда оңай болу үшін,
және әріп үнемдеу үшін қалдыруды ұсынады. Автор <е> дыбы-
сын негізгі реңкі [je] деп табады.
178
179


Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен
Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің
қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде бірнеше артықшылығы
бар. Ғалым түзген графикада е графемасы сөз басындағы дифтонг
реңкін [je], жіңішке [й] дыбысын және жуан [e]-ні таңбалайды.
Және І-буындағы еріндіктен кейін [ө]-ні білдіреді: [тўсцр].
Н.Ильминский ә әрпі (д) тек араб, парсы және Бәке, әтеке сияқты
төл сөздерде қолданылатынын айта келіп, тілде жіңішкеру
бағытының күшейгенін ескертеді. Ғалым <а>, <о>, <ұ>- дан кейін
<ә>, <е>, <і> келсе, алдыңғылары велярланады дейді: [сцjерде],
[сцідеіді], [бяітйді]. Сондай-ақ <й> дыбысының да сөзді
жіңішкертетін қасиетін көрсетеді: бяjум, біідаі, бяіда,
оілдды, баіліқ.
Сонда автор әліпбиіндегі дауыстылардың әріп-дыбыс
қатынасы төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет