қазақ даласында қолданылған, қазақ жазба тіліне қызмет еткен
араб алфавитін пайдаланған қазақ жазуы.
Жәдид жазуы – дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес,
таңба арқылы берілген, араб әліпбиіндегі басы артық таңбалар аз
қолданылған, демократиялана бастаған қазақ жазба тіліне қызмет
еткен араб графикалық қазақ жазуының кейінгі жүйесі.
Қадим жазуы – дауысты дыбыстардың таңбаланбауымен
ерекшеленетін араб графикасына негізделген қазақ жазуы.
Латын графикасына негізделген қазақ жазуы – 1929-
1940жж. қазақ жазба тілінде қолданылған 29 әріптен тұрған,
1938 ж. өзгертуге ұшыраған латын-қазақ жазуы.
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы – 1940ж.
қазірге
дейін қолданылатын 42 әріптен тұратын, құрамында цитататық
принциппен жазу үшін алынған орыс алфавиті әріптері мен араб
сөздерінде кездесетін дыбысты беретін таңбалары бар жазу.
Емле ұстанымы –
кез келген жазба тілдің
орфографиясында
ұстанатын негізгі принциптері.
Орфограмма – жазу тұрпатының негізгісі.
Ерін үндестігі – сөздің бірыңғай еріндік дыбыстармен ай-
тылуы
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері – 1957ж.
қабылданған емле ережелерінің жиынтығы
Орфографияның негізгі принципі –
сөздердің дұрыс жазы-
луын жүйелейтін емледегі басты сүйенім, ұстаным.
Үндесім заңы – сөйлегендегі дыбыстардың бірыңғай тіл не
ерін үндесімімен айтылуы
Достарыңызбен бөлісу: