Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет195/196
Дата09.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#48690
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
Байланысты:
httpsemle.kzbooks8e10fd01cc60087f7a7a338573861826.pdf

Босаралықсыз таңбалану
– құрама сөз сыңарлары
мағыналарының көмескіленіп, бір бүтін сөзге айналғанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бірге жазылу.
Босаралықпен таңбалану
– құрама сөз сыңарлары
мағыналарының дербестігін, бүтін сөзге айналмағанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бөлек жазылу.
Қазақ тілі орфографиялық сөздіктері – 1941, 1948, 1963,
1978, 1988, 2001, 2005, 2007, 2013жж жарық көрген емле
сөздіктері
Жазу экономиясы – жазудағы таңбаларды үнемдеу
құбылысы.
Дыбыстық емес графикалық белгілер – босаралықпен және
босаралықсыз, сондай-ақ қосаралықпен жазу.
Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері – сөздердің
бірге жазылатынын білдіретін ұластыруыш қосымшалар мен
құрастыруыш сыңарлар.
Ұластыруыштар – күрделі сөз сыңарларын ұластырып,
біріктіретін қосымшалар.
Аффиксойдтар – жартылай сөз, жартылай жұрнақ
қызметіндегі тұлғалар.
Құрастыруыштар – күрделі сөз құрамында үнемі
қайталана келе жалпы мағынаға көшкен тірек компонент.
Қосаралықпен жазылу – қос сөз сыңарларының арасына
де-фис қойылып жазылуы.
Бас әріп – сөздің жалқы есім екенін, сөйлемнің басталғанын
білдіретін, сөзге символдық мағына үстейтін үлкен әріп.
Кіші әріп – сөздің жалпы есім екенін білдіретін әріп.
Дыбыстық жағынан толық игерілген кірме сөз – қазақ
тілінің дыбыстық заңдылығына сай «сындырылып»,
айтылуына қарай жазылған сөз.
Жартылай игерілген кірме сөздер – қазақ тілінің дыбыстық
заңдылығына сай жартылай игерілген кірме сөздер.
Бейүндес буынды сөздер – жартылай жуан, жартылай
жіңішке айтылан сөз.
Төте жазу – А.Байтұрсынұлының араб әліпбиіне рефор-ма
жасаған 24 әріптен тұратын, дәйекше қызметіне жүгінетін
әліпбиі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет