орыс жазуының ықпалынан шығып отырған дейміз: орыс
сөздерін жазуда цитаталық принципті түбегейлі қолдану, оның
ішінде әсіресе сол тілдің қосымшасын түсіріп жазбау: секунда (секунд емес), цитата (цитат емес) т.б.; орыс тілі сөздеріне
қазақ тілі қосымшаларын жалғауда ы, і әріптерінің дәнекерлігін
орынсыз пайдаланбау: фондқа, шрифтке, банкке; бұрыннан
дыбыстық жағынан игеріліп жазылған сөздерді, түпнұсқасына
көшіріп жазу: ящик (жәшік емес), батист (бәтес емес), ботин- ки (бәтеңке емес), русь (орыс емес), суд, область; жіңішкелік
белгісіне аяқталған сөзге тәуелдік жалғауының ііі жағын
қосқанда, ь-белгісін түсірмей жазу: рольі, котрольі; қосар да-
уыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір
әріпті түсірмей жазу: классқа, конгресске; орыс тілінен енген
сөздің соңғы буыны жуан болса, жуан, жіңішке болса, жіңішке
қосымша жалғау; һ әрпі қолданылған кірме сөздерді белгілеу
үшін х әрпін х арқылы жазу; миуа, қиуа сөздерін миюа, қиюа деп орфограммалау; күрделі сын есімдерді бірге таңбалау; орыс сөзін русь деп алу (Ә.ермеков); ойөріс, атүсті, атсалысты, аяқкиім, жемшөп т.б. сөздерді бірге жазу (Ә.ермеков); орыс
тілінен енген сөздерді бірыңғай түпнұсқа принципімен жазу
(а.Ысқақов).
Жеке дыбыс таңбаларынан пікірдің көбі и әрпінің емлесіне қатысты айтылған. 1956ж. тіл және әдебиет институты әзірлеген
орфографияның жаңа жобасын талқылауға шақырылған жина-
лыста м.Балақаевтың қосарлы ый, ій таңбаларының орнына
и әрпін жазуды ұсынған пікіріне С.аманжолов қарсы шығып,
“Балақаевтың қазақ тіліне шабуыл жасауы” деп санаған.
И дыбысы ки дегенде бір әріппен, қи дегенде екі әріппен
(қый) жазылды. Барлық позицияда да и әрпінің қабылдануына
сол жылдары оқу-педагогика баспасының редакторы болып
қызмет еткен р.Сыздықованың сөйлеген сөзі үлкен себеп болды
дейді, газет тілшілері. Сөйтіп, біресе ый (қыйын), біресе и (иық, ғылми), енді бірде екі варианты да қатар қолданылып жүрген
(қағида//қағыйда) және жіңішке буында и-мен, жуан буында ый-
мен берілген и әрпінің емлесі бір ізге түсіріле бастайды. Десек
те, йы, йі-ге біткен сөздерге көсемшенің й жұрнағы қосылғанда,