Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет157/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

йый орнына бір ғана и таңбасын жазу: ұйиды, байиды – ұиды, 
баидыи-ды қосар таңбасымен қалдыру сияқты екі жақты пікір-
лер болды.
Ы, і әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кезде-
седі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында 
таңбаланғанда, сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбау: 
жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау.
ал ә, ұ, ү әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер 
тек бірінші буында жазылады дегеннен соң сірә, күнә, бұлбұл 
сөздерін ескертуге шығармай (т.Жанұзақов, Ғ.Сұлтанғалиев, 
Б.нұрғазина), а-түрінде заңдастыру; а-ә, ұ-ы әріптерінің орфог-
раммасы күдікті болса, қосымша жалғап анықтау ұсынылды: 
Күлашқа, шайға, жайластыр..
Ащы, кеще, тұщы сөздерін екі ш-мен беру ұсынған; я, ю 
әрпін миуа, қиуа, айуан сөздерінде де қолдануды ұсынған пікір-
лер бар (мұсабекова Ф., Сейтмұратов Б.). 
Сондай-ақ, х әрпімен келетін сөздердің барлығын сөздіктер 
мен ережелерде арнайы көрсетуді (құрмет-хұрмет, бұқара-
бұхара сөздерін жазуда да ала-құлалық көп) (Ш.Сарыбаев); 
және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды
ұсынатын, Һ әрпін әліпбиден шығару жағын қолдайтын пікір-
лер де болды. ал қазір, қайтіп, қадір сияқты бейүндес сөздерді 
бірыңғай жуан жазу (Б.нұрғазина); к-г, қ-ғ, п-б ұяңдау про-
цесін кірме сөздерде де пайдалану: принцип-принцибі, альма-
нах-альманағы, цех-цеғы (Б.нұржекеев) сияқты пікірлер көңіл 
аударарлық.
Бірге, бөлек жазу проблемасына бірнеше мақалалар 
арналған. Оның ішінде мынадай ұсыныстарды атауға болады: 
жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.мұсабаев), біріктіру ама-
лын сөзайналым процесі ретінде қарау, сондықтан, аққұман, 
ақсаусақ, желөкпе сияқты сөздерді бірге жазу, бір ұғым емес, 
бір заттың атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық 
сын есімдерді бірге жазу: қараторы, аққұба, біріккен сөзді ай-
тылуы бойынша жазу, соңғы сыңары тәуелдік тұлғада тұрған 
барлық сөздерді бөлек жазу (а.абдрахманов), айтылуы бірдей, 
мағынасы басқа сөздерді екі түрлі жазу: ұр да жық – ұрдажық т.б. 
(Ж.Жолаев), “жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіру-
ге әуес болмау”, біріккен сөзді кіріктіріп жазу (С.Жиенбаев.). 
міне, 40-60жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген 
мақалалардағы пікірлер сипаты осындай болды. 


284
285


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет