Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


ый (йық, иса), в третьих случаях, правда без специального пун- кта правил и



Pdf көрінісі
бет152/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ый (йық, иса), в третьих случаях, правда без специального пун-
кта правил и употребляется для обозначения звуков [і] [й] (ки, 
жи)” делінгенін айтады. Сондықтан и әрпінің емлесін жүйелеуді 
ұсынады. мысалы, жіңішке сингармотембрде бір әріппен (ки); 
жуан сингармотембрде екі таңбамен берілді (қый). Жалпы, 
Кирил-қазақ әліпбиінің қабылдану, емле ережелерін жетілдіру 
тарихына барсақ, жазуды қазақ тілі табиғатының тұрғысынан (м. 
Балақаев) және орыс тілі табиғатына жақындатып, бағындырып 
жазу тұрғысынан ұсынатын (С. аманжолов) екі бағыттың 
болғанын көреміз. 
Емле мәселелері. м.Балақаев қазақ орфографиясының 40ж. 
қиындықтары ретінде мыналарды көрсетті: күрделі сөздер ем-
лесі, и, ы, і әріптерінің емлесі, қ-х әріптерінің емлесі, ә әрпінің 
жазылуы, термин сөздердің қосымшалануы, жалпы есімдерінің 
жазылуы.
м.Балақаев біріккен сөзге бір зат, бір ұғымның мағынасын 
беретін сөз деп анықтама берілген соң ауажайылу, басқатыру 
сияқты тіркестердің де бірге жазылып кеткенін, ал аяқ киім, 
темір жол анықталғыш-анықтағыш қатынастағы сөз екенін ай-
тады. Кісі аттарының фонетикалық принциппен жазылуы уәжді 
деп табады, сондай-ақ жарыя – жәрия – жария, қайтып – 
кәйтіп деген сөздердің әдеби вариантын анықтау емле сөздігінің 
құзырына тиеді дейді. 
Ғалым һ әрпін х-мен беруге, қ, ғ фонемаларын г, к  әріптерімен 
таңбалауға болады деген ұсыныс айтты. ал ог, уг, к-ға аяқталған 
сөздерге жіңішке қосымша жалғауды (полктік, педагогке) екі 
сыңардан құралған біріккен сөздер жігіндегі қ/ғ, к/г алмасуын 
таңбалауды ұсынады. Біріккен сөздердің емлесін орыс тіліндегі 
баламасының жазылуына қарап анықтаудың қателігін айтады. 
Және қазақ әліпби жүйесінің тәртібіне, оны қабылдаған үкімет 
қаулысына наразылығын білдіреді. 
Ғылым академиясының тіл, әдебиет институтында (1952 
III) осы ұсыныстар талқыланған жиналыс қаулысы әліпбиден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет