Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет199/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Вариант дыбыс (өзгелік реңк)– айтылу кезінде тілдегі басқа 
фонемаға ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі.
Вариация (бөгде реңк) – айтылу кезінде тілде жоқ, бөгде 
тілдің дыбысына ұқсап кететін, дыбыстың уақытша түрленімі.
Дыбыс қоры – бір фонеманың өздік, өзгелік, бөгде реңктерінің 
жиынтығы
Сөз (речь) – тілдің қолданыстағы қалпы
Жазудың негізгі категориялары – жазу теориясының негізгі 
ұғымдары: әліпби, графика және орфография
Әліпби – белгілі бір жазба тілдегі әріптердің реттелген 
жиынтығы.
Көне түркі жазуы – V-VIII ғғ. түркі халықтарының руна 
таңбаларынан тұратын төл жазуы. 
Араб графикасына негізделген қазақ жазуы – Х-ХіХ ғғ. 


340
341
қазақ даласында қолданылған, қазақ жазба тіліне қызмет еткен 
араб алфавитін пайдаланған қазақ жазуы.
Жәдид жазуы – дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, 
таңба арқылы берілген, араб әліпбиіндегі басы артық таңбалар 
аз қолданылған, демократиялана бастаған қазақ жазба тіліне 
қызмет еткен араб графикалық қазақ жазуының кейінгі жүйесі.
Қадим жазуы – дауысты дыбыстардың таңбаланбауымен 
ерекшеленетін араб графикасына негізделген қазақ жазуы.
Латын графикасына негізделген қазақ жазуы – 1929-
1940жж. қазақ жазба тілінде қолданылған 29 әріптен тұрған, 
1938 ж. өзгертуге ұшыраған латын-қазақ жазуы. 
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы – 1940ж. қазірге 
дейін қолданылатын 42 әріптен тұратын, құрамында цитататық 
принциппен жазу үшін алынған орыс алфавиті әріптері мен араб 
сөздерінде кездесетін дыбысты беретін таңбалары бар жазу.
Емле ұстанымы – кез келген жазба тілдің орфографиясында 
ұстанатын негізгі принциптері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет