Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет200/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Орфограмма – жазу тұрпатының негізгісі. 
Ерін үндестігі – сөздің бірыңғай еріндік дыбыстармен ай-
тылуы
Қазақ орфографиясының негізгі ережелері – 1957ж. 
қабылданған емле ережелерінің жиынтығы
Орфографияның негізгі принципі – сөздердің дұрыс жазы-
луын жүйелейтін емледегі басты сүйенім, ұстаным.
Үндесім заңы – сөйлегендегі дыбыстардың бірыңғай тіл не 
ерін үндесімімен айтылуы 
Босаралықсыз таңбалануқұрама сөз сыңарлары 
мағыналарының көмескіленіп, бір бүтін сөзге айналғанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бірге жазылу.
Босаралықпен таңбалану – құрама сөз сыңарлары 
мағыналарының дербестігін, бүтін сөзге айналмағанын біл-
діретін емледегі дыбыстық емес таңба, бөлек жазылу.
Қазақ тілі орфографиялық сөздіктері – 1941, 1948, 1963, 
1978, 1988, 2001, 2005, 2007, 2013жж жарық көрген емле 
сөздіктері
Жазу экономиясы – жазудағы таңбаларды үнемдеу 
құбылысы.
Дыбыстық емес графикалық белгілер – босаралықпен және 
босаралықсыз, сондай-ақ қосаралықпен жазу.
Бірге жазылатын сөздердің формалды белгілері – сөздердің 
бірге жазылатынын білдіретін ұластыруыш қосымшалар мен 
құрастыруыш сыңарлар.
Ұластыруыштар – күрделі сөз сыңарларын ұластырып, 
біріктіретін қосымшалар.
Аффиксойдтар – жартылай сөз, жартылай жұрнақ 
қызметіндегі тұлғалар.
Құрастыруыштар – күрделі сөз құрамында үнемі қайталана 
келе жалпы мағынаға көшкен тірек компонент.
Қосаралықпен жазылу – қос сөз сыңарларының арасына де-
фис қойылып жазылуы.
Бас әріп – сөздің жалқы есім екенін, сөйлемнің басталғанын 
білдіретін, сөзге символдық мағына үстейтін үлкен әріп.
Кіші әріп – сөздің жалпы есім екенін білдіретін әріп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет