104
105
ционалды болу керек дегенді білдіреді), педагогикалық та-
лап (сауат ашуда уақыт пен еңбекті үнемдеу дегенге саяды),
типографиялық талап (сол кездің экономикасы мен өндірістік
жағдайларына сәйкес келуді құрайды) түрлері болады. Әліпби
жасау проблемасы тілдік те, тілдік емес те факторларды
қамтиды. Сөйтіп, қандай да бір графиканы қабылдайтыны са-
яси, экономикалық, әлеуметтік жағынан орайластырып шешіл-
ген соң, сол тілдің фонемалар жүйесіне қарай әліпби құрамы
белгіленеді. Жазу өзгерту, жазу қабылдау деген ұғым белгілі бір
әліпби түрін таңдау дегенге саяды. Әліпби таңдау алынған ал-
фавитті өзгертпей қолдану//тілдің дыбыстық құрамына сәйкес
өзгертіп қолдану деген проблеманы тудырады. Сонда соңғысы
әліпбидің өзін емес, графикасын ғана пайдаланды деген-
ді білдіреді. Әліпби теориясында әліпбидегі әріп саны тілдегі
фонеманың санына тең болуы керек, не аз болу керек делінеді.
Бірақ әлем жазуларында мұндай сипат аз. Өйткені ашық әліпби
түрлері генетикалық жағынан туыс емес тілдерді де, дыбыстық
құрамы әліпбидегі әріптерге сәйкес келмейтін тілдерді де ортақ
жазба коммуникацияға таңып қояды.
Зерттеушілер әліпбидегі әріп саны тілдегі фонема санымен
қандай қатынаста болу керек; әріп саны фонемамен тең әліпби
жетілген бе, әлде әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген
бе деген сауал айналасында пікір таласып келеді. Бұл жазуды
ауызша тілдің дәл көшірмесі, тіл өмір сүруінің бір формасы деп
немесе жазуды өз алдына дербес жүйе деп қарау тұрғысынан
екіге айырылады. Әліпбидегі әріп саны фонема санынан аз бо-
лып келетін ағылшын, француз, неміс әліпбилері жазуды де-
рбес жүйе бағытында айқындайтын сияқты. ал фонема мен
әріп саны тепе-тең дәрежедегі жазу жазба тілді ауызша тілдің
көшірмесі дейтін бағытқа тіреледі. Жазу мен емле принципі бір
арнаға сайып кететін фонетикалық жазу мен фонематикалық
жазу деген категориялар да осы тұста шыққан. Фонетикалық
жазуда 1 фонема: 1әріп үстіне фонема реңкіне де әріп арналады.
Фонематикалық жазуда әріп тек тілдегі фонеманы белгілейді.
Осы арада алғашқы әріптік жазу фонетикалық болды ма, әлде
фонематикалық болды ма деген заңды сауал туады. Яғни әліпбиді
ойлап табушылар жазуға жоғарыдағы көзқарастың қайсысымен
қарады? Бұл сұраққа орфография, жазу тарихы мәселелерімен
шұғылданушы ғалымдар көбінесе алғашқы жазу фонематикалық
болды деп жауап береді. Әліпби құрастырушылар интуитив-
ті түрде фонемалардың санын анықтап, әрбіреуін бір әріппен
белгіледі. ендеше, әріптік, вокалды жазуды ойлап тапқан б.э.д.
і мыңжылдықтағы финикиялықтар мен гректер өз тілінің
фонемалық құрамына ғана әріп арнады. Практикалық жазудың
жүйесі тілде бар фонемаларды ғана белгіледі. Сондықтан латын,
араб жазуын қабылдаған барлық жазу түрлері фонема мен әріп
қатынасындағы алшақтыққа тап болды.
Жазудың жетілуі әліпбидегі әріп санының қысқарып, әріптің
дыбыс түрленімдерін емес, фонеманы белгілеуімен өлшенеді.
ашық әліпби түрін қабылдау қашан да таңбаларын толық
қабылдау/қабылдамау, әріптердің мәнін сақтау/сақтамау деген
проблемаларға тіреледі. Жалпы, стандарт әліпбиді өзгертіп
қабылдаудың да, сол қалпы қабылдаудың да жағымсыз әсері бар
екенін жазу тарихы көрсетіп келеді. Жазуды тілдің табиғатына
бағындырамын деген бағыттағы әліпби түрлері мен стандарт ал-
фавит айырмашылығы үлкен. ал жазуды дыбыстық тілдің дәл
көшірмесі емес деген тілдерде стандарт әліпби құрылымынан
ауытқу, мәнін ауыстырып пайдалану сирек.
Әлемге кең тараған әріптік жазу түрлеріне латын, араб, ки-
риллица әліпбилері жатады. Бірақ мұнда әліпби деп, жазу түрі,
не графика деп айтудың қайсысы қонымды екенін аңғару қиын.
Өйткені аталған алфавиттерді қабылдаған тіл оны өзгертпестен
ала алмайды. Бірақ ағылшын, француз, неміс тілдері сияқты
халықаралық тілдердің алфавитіндегі бір ерекшелік латын
әліпбиінің 26 әрпінің толық қолданылуында. тек ағылшын
жазуында артық таңбалар пайдаланылмайды (бірақ фоне-
ма саны 46). неміс, француз, итальян жазуларында қосымша
диакритикалық таңбалар алынады. 26 әрпі бар стандарт әліпбиді
қолданатын ағылшын жазуы ғылыми-техникалық прогресс
нәтижесін, жазба коммуникация құралдарын шығынсыз пай-
даланып отырған ашық кеңістіктегі ең жиі жазу түрі болып са-
налады. алайда жазба тіл мен ауызша тілдің арасында әріптік-
дыбыстық айырмашылығы үлкен, жазба тілін меңгеру қиындық
тудыратын, идеографиялық жазуға айналып бара жатқан жазу
қатарына осы аталған жазу түрлері жатады. Әріп-фонема
жүйесіндегі айырма алдымен ағылшын жазуында, сосын фран-
цуз жазба тілінде үлкен. мысалы, француз жазуында әліпби тіл-
дегі 36 фонеманы таңбалау үшін 26 латын әрпінің үстіне
est, et,
Достарыңызбен бөлісу: