Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет61/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

ea, ei, eo т.б. жатқызады. Бірде графема – инвариант, әріп – ва-
риант десе, бірде графема – фонеманың әрiптiк бейнесi дейдi. 
Сондықтан барлық уақытта графема әрiпке сәйкес түсе бермей-
дi, өйткенi дыбыстық емес әрiптер бар дейді. в.Фрэнсис қазіргі 
ағылшын тілінде 45 фонема – 41 графема, вийк 46 фонема – 104 
графема бар деген. мәтінде графема әріп, әріптер тіркесі не-
месе графикалық тәсілдер мен комбинациялар арқылы көрінуі 
мүмкін дейді.
Әлiпбидегi әрiптердiң фонеманы берудегi ұйымдасуы гра-
фика екенi біраз ғалымдар тарапынан айтылды. Біздіңше, 
т.а.амированың жоғарыда айтып отырғаны да графика. Осы 
iзбен C.м.Кузьмина да графема бiр әрiптен де, 2-3 әрiптен де 
құралады, мысалы, /sch/-<ш>, /ть/-<т>, /я/-<иа>, барлық пози-
цияда бiр ғана фонеманы бiлдiретiн f=ph, t=th, u=i, а:=аѕ, о:=оѕ 
деген графемалар барын айтады. в.и.Балллинская графемалар-
ды қарапайым, күрделi және факультативті графемаларға бөледi. 
Қарапайым графемаларға бiрмәндi (а, в, с), күрделi графемаларға 
әрiптер тiркесiнен тұратын графемаларды жатқызады. Сөйте 
тұрып, “фонема – ауызша тілдiң мағына ажыратқыш ең кiшi бiр-
лiгi болса, графема – жазба тілдiң мағына ажырататын ең кiшi 
бiрлiгi” деген анықтама бередi. ендi бiрде графема – әлiпбидiң 
абстрактiлi бiрлiгi, ол бас әрiп, кiшi әрiп, жазба бас әрiп, жазба 
кiшi әрiп түрiнде өмiр сүредi дейдi. Бас әрiп пен кiшi әрiп, бiре-
уi кiсi есімiн, бiреуi жалпы есiм екенiн бiлдіреді. Бас әрiп пен 
кiшi әрiп бiрдей дыбысталса да, олардың функционалдық мәнi 
әртүрлi, сондықтан бұлар әртүрлi графема болып қарастырылуы 
керек дедi.
н.уәлиұлы графема тілдің ары қарай бөлшектеуге келмей-
тін кіші тұлғасы фонема мен жазба тілдің әрі қарай бөлшектеуге 
келмейтін ең кіші тұлғасы әріптің арасындағы қатынастың 
жиынтығы болып табылады, фонема мен графема – инвариант, 
дыбыс пен әріп вариант дейді. Сонымен, графема қазақ тілі жаз-
ба жүйесінің ең кіші абстракті бірлігі болып табылады. Ол әріп 
түрлері арқылы таңбаланады. ал фонеманы әріп тіркесі арқылы 
беруді графема деп танитын жоғарыдағы ағылшынтілді зерттеу-
лер әріптің графикалық тіркесуі туралы айтып отыр деп ойлай-
мыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет