Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


j әрпін жазу: kyrek, qulьn, bygjn; түбір мен қосымша жігіндегі  [п-б], [қ-ғ], [к-г]



Pdf көрінісі
бет139/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

j әрпін жазу: kyrek, qulьn, bygjn; түбір мен қосымша жігіндегі 
[п-б][қ-ғ][к-г] дыбыстарының алмасуы таңбаланады: tabadь, 
kөgerdь, aрadь; сөз басындағы қысаң езуліктер мағынаға әсер 
етпеген жағдайда таңбаланбайды: rai, lai, ckaf.  Бірақ jnj, ьza, 
jri, ьdьs, jl, jz; екі буын аралығындағы мағынаға әсер етпейтін 
қысаң езуліктер таңбаланбайды: axmet, magna, caurьn, caprag, 
kөkek; соңғы буындағы қысаң езуліктер түбір тұлғасында да, 
тәуелді жалғау тұлғасында да жазылмайды: mylk-mylkjm, xalg-
xalgьm; одағай сөздерде екі дауыссыз әрпі қатар жазыла бе-
реді: garg-garg; соңғы буындағы қысаң езулігі бар сөздерге 
тәуелдік жалғау жалғанғанда сөз аяғындағы қатаң ұяңдап, қысаң 
езуліктер түсірілмейтін болса, түбірде де таңбаланады: tyljk-
tyligi, kөrjk-kөrjgj; і, u әріптерінің жуан-жіңішкелігін түбір не 
қосымша ажыратып тұрады; жуан-жіңішке пары бар сөздердің 
жіңішкесін таңбалау: ti-tji, tyu-tu; кірме сөздердегі ь белгісін ә, 
ө әріптері арқылы беру: әlbөm, vөlt; ю әрпін iu әріп тіркесімен 
беру: iubilei, soiuz; барлық дауыссыз дыбыстардан соң келген 
ю әрпін u таңбасымен беру:  revolutsia, budcet, бірақ biuro, tiuk 
деген сөздерді iu-мен жазу; кірме сөздердегі я әрпін ia тіркесі 
арқылы беру: zimia, ispania, koreia, ideia, ialta, ал дауыссыз-
дан соң жіңішке естілсе, ә арқылы беру (Alәska, mәta); л әрпі 
io арқылы беріледі; с дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстардан 
соң келген ё әрпі ө әрпімен беріледі: aktөr, mantөr, katөl, ц әрпі 
сөз басында және дауыссыз дыбыстан соң келсе s-мен беріледі: 
sitat, aksia. ал сөз аяғында және дауысты дыбыстан соң келсе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет