Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет121/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

п 
орнына 
б
әрпінің жазылуын; ә) еріндіктердің екінші буын-
да жазылуын; б) сөз басында келетін 
ы, і
дауыстысының алиф 
арқылы берілуін; в) сөз ортасы мен аяғындағы мадда белгісі жоқ 
алифтің дыбыстық мәні болуын айтуға болады. 
Сүйеніш таяқ туралы а.Байтұрсынұлы: «меніңше сөз басын-
да дауысты дыбыстар келсе, ол сөзді жазарға басына сүйеніш таяқ 
қоямыз. Оны керек қылғаным, халық әуелі жатсынбас үшін еді, 
екінші басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді. Онан басқа 
керегі бар деп өзім де айтпаймын» деген. Г.мамырбекованың 
зерттеуінше, а.Байтұрсынұлының 1914 жылы Орынбордан 
жарық көрген «Қазақша әлифба» оқу құралында «сүйеу таяқ» 
сақталған, мысалы,
ожау – 
ﻭﺎﺠﻭﺍ , 
ұқбақ – 
ﻕﺎﺑﻗﻭﺍ
, үш – 
ﭺﻭﺍ
ﺀ 

өзгені – 
ﻰﻧﻪﮔﺯﻭﺍ

, ал 1924 жылы жарық көрген «Сауат ашқыш» 
оқу құралында үнсіз алиф қолданылмаған, мысалы: 
үш – 
ﺵﺆ

 
үйрету –
ﻭﺗ ﻩﺮﻴﺅ , 
 үшін – 
ﻦﻴﺸﺆ ,
үлкен – 
ﻥﻪﻜﻠﺆ ,
етіб –
ﺏﻳﺘ ﻩ.
Осы әліпбиде <
ұ>, <ү>, <у>
дыбыстарының фонемалық 
мәртебесін анықтау қиынға соқты. Бұған араб графикасындағы 
ұ, ү, у, о, ө
дыбыстарына бір таңба арналуы себеп еді. 
Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауыш белгілерінен 
бөтен, өзара жуан-жіңішкелік (
ұ-ү, о-ө
) дифференциалды бел-
гісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. 
Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фо-
нема деңгейінде қарала алатынын айқындаған а.Байтұрсынұлы 
бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке белгісі 
арқылы ажырайды: 
<ү> <ө>
/ұ/ /о/
және /
у/ 
графемасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет