Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет153/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   234
ерін үндестігі туралы
мынадай қарама-қарсы пікірлер 
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
- ерін үндесімі бұдан 50-60 жыл бұрын күшті болса 
(в.в.радлов), бүгінде құрып барады (т.Шонанұлы, Әлібаев) 
// ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген 
жоқ, сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-
де іі буынға дейін сақталуы тиіс және солай жазылуы қажет 
(К.Кемеңгерұлы).
- ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы 
буынындағы еріндікті алдыңғы буынға шығарып жазу (
висмут-
вұспит
) (т.Шонанұлы).
Қысаң езуліктердің емлесі туралы:
- сөз аяғындағы 
ы, і
езуліктері қосымша жалғағанда түсірілсе, 
түбірде де жазбау (т.Шонанұлы); 
- қысаң езуліктерді мүлде таңбаламау: 
млтқтң
(Байділдин, 
Әлібаев; // қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру 
(е.Д.Поливанов).
Позициялық алмасуды таңбалау туралы:
- емледе ілгерінді ықпалды ғана белгілеу (т.Шонанұлы); 
- түбір мен қосымша аралығында 
п-б, қ-ғ, к-г, п-у
өзгерісін 
белгілеу (т.Шонанұлы);
- аталған позициядағы 
н-м, н-ң
өзгерісін жазуда белгілемеу 
(т.Шонанұлы).
Бірге/бөлек таңбалауға байланысты
:
- қосымшаларды бірге жазу, ал жартылай қосымшаларды 
бөлек жазу: “тілдің еркін дамуы үшін түбір мен жартылай 
қосымшаның бірге жазылмауын назарға алуымыз керек”;
- тілтұтынушы санасында бөлек сөз болып табылмайтын 
күрделі сөздерді бірге жазу (т.Шонанұлы); 
- бейүндес біріккен сөздерді дефиспен жазу (алибаев);
Жеке әріптердің емлесіне қатысты:

ж, ш, й
дыбыстарының жіңішкеруі (
шәй, жәй, тійін
) тілде 
бар болса, оның емлесін айқындау (т.Шонанұлы);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет